04.07.2022, 15:43 8676

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19-дың 158 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19-дың 158 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: unsplash.com
НҰР-СҰЛТАН. 4 ШІЛДЕ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 158 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 307 330 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Аурудың жаңа жағдайлары тіркелді: 
 
  • Нұр-Сұлтан қаласында - 35; 
  • Алматы қаласында - 88; 
  • Шымкент қаласында - 6; 
  • Ақмола облысында - 4; 
  • Алматы облысында - 5; 
  • Атырау облысында - 8; 
  • ШҚО-да - 1; 
  • БҚО-да - 1; 
  • Қарағанды облысында - 7; 
  • Қостанай облысында - 1; 
  • Павлодар облысында - 1; 
  • СҚО-да - 1.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 73 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 292 561 адам, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2 шілдеде Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы тіркелді. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
2022 жылғы 4 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 526 717 адам, 2-ші компонентпен - 9 311 459 адам вакцинацияланды. 4 821 095 адам ревакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны