24.09.2021, 18:36 11010

Қазақстанда үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар қатары көбейді

Сондай-ақ, барлық медициналық-әлеуметтік мекемелерде бейнебақылау камераларын міндетті түрде орнатуды қарастыратын өзгерістер енгізілді.
НҰР-СҰЛТАН. 24 ҚЫРКҮЙЕК - "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығында үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар шеңберін кеңейтуді көздейтін өзгерістер көзделген, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстанда жалғызбасты зейнеткерлерге ғана емес, сондай-ақ жақын туыстарының көмегінсіз қалған, отбасы ішіндегі жанжалға байланысты қиын жағдайда жүрген қарт адамдарға да арнаулы әлеуметтік қызметтер енді үйде көрсетілетін болады", - деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

 
Сондай-ақ, барлық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (МӘМ) бейнебақылау камераларын міндетті түрде орнатуды қарастыратын өзгерістер енгізілді. Камералар ұйымға іргелес жатқан аумақтың алаңы бойынша, негізгі және қосалқы кіреберістердің жанында, сондай-ақ үй-жайлар мен ортақ пайдаланылатын кабинеттерде орнатылады. МӘМ-дегі туыстары мен жақын адамдарының жазбаларды көруге рұқсаты болады.
 
Бұдан басқа, құжат қажет болған жағдайда медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын барлық адамдардың Интернетке қол жеткізуін қамтамасыз етуді реттейді.
 

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде 23 мыңнан астам адамды қамтитын стационарлық үлгідегі 113 МӘМ жұмыс істейді", - деп атап өтті ведомствода.

 
Сонымен қатар, қажет болған жағдайда қар, күл шығару, көмірді қазандықтарға жеткізу және басқа да маусымдық жұмыстарды орындау мақсатында "трактор" позициясын қоса отырып, стационарлық үлгідегі МӘМ автокөлік құралдарының лимитін кеңейту көзделеді. Бұл көлік құралының болуы ауылдық елді мекендерде орналасқан МӘМ үшін қажет.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны