13.06.2023, 09:30 42631

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады деп күтілуде

Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады
Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады деп күтілуде
Бүгін, 13 маусымда Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуімен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің оңтүстік-батысында, қиыр шығысында және оңтүстігінде жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі сақталады, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі, солтүстігінде бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Маңғыстау, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық болады.


Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Алматы облысының орталығында, солтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі бар", - деп жазды ведомстводан.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны