07.03.2022, 17:40 19336

Қазақстанның батыс және оңтүстік облыстарында ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріледі

Қазақстанның батыс және оңтүстік облыстарында ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріледі
НҰР-СҰЛТАН. 7 НАУРЫЗ - Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш тәулікте - 2022 жылғы 8-10 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазгидромет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы күндері Қазақстан аумағының солтүстік жартысына жауын-шашынсыз ауа райы мен ауа температурасының төмендеуін алып келетін кезекті антициклон әсер етеді. Түнде бұл аймақтарда термометр бағандары 15...25 аязға дейін төмендейді.

Елдің батыс және оңтүстік аймақтарында болса,  оңтүстік циклонның шығуы күндізгі ауа температурасының 10...20 жылуға дейін көтерілуіне әкеледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны