26.04.2022, 16:46 12391

БҚО-да жол жөндеу жұмыстарының кешігуіне байланысты "ҚазАвтоЖол" филиалының директоры жұмыстан босатылды

"QAZAVTOJOL" ҰК" АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаев жұмыстан босатылды.
БҚО-да жол жөндеу жұмыстарының кешігуіне байланысты "ҚазАвтоЖол" филиалының директоры жұмыстан босатылды
ОРАЛ. 26 СӘУІР - Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу бойынша тапсырмасын уақытылы орындамағаны үшін "QAZAVTOJOL" ҰК" АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаев жұмыстан босатылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұдан басқа, әкімшілік сипаттағы шаралар QAJ орталық аппараты мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің басшылықтағы бірқатар қызметкерлері мен мамандарына қатысты қолданылды.
 
Естеріңізге сала кетейік, ИИДМ вице-министрі Президенттің тапсырмаларын уақытылы орындамағаны үшін қызметінен босатылды.
 
Бұған дейін Мемлекет басшысы БҚО-дағы жолдар мәселесін шешуді тапсырған болатын. Президент сынынан кейін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов БҚО-ға тексеріспен келді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны