29.05.2023, 16:59 15076

Батыс Қазақстанда жасөспірім құрдасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Қылмыс жасады деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім ұсталды
Батыс Қазақстан облысында жасөспірім құрдасын өлтірді деген күдікке ілінді.

Қайғылы оқиға 28 мамырда Щапова ауылында орын алған.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 16 жастағы жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Тексеру кезінде қайтыс болғандығы белгілі болды, деп хабарлайды My City порталы.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жеткіншектің есін жимай көз жұмғанын хабарлады. Өлім себебі аталмаған.

Қылмыс жасады деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім ұсталды. Сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны