12.12.2023, 09:11 21571

Bereke Bank салымшыларына арналған айрықша кешбэк

Bereke Bank салымшыларына арналған айрықша кешбэк
Сурет: Bereke Bank
Bereke Bank "Күн Сайын" депозитін ашқан салымшылар үшін акция жариялайды, ол бойынша банк картасымен сауда жасағаныңыз үшін айрықша жоғары кешбэкке ие боласыз.

Қазірдің өзінде "Күн Сайын" депозитін ашқан Bereke Bank-тің салымшылары бірегей шарттарды пайдалануда, олар:

  • бұрын есептелген пайыздарды қосқанда, депозиттің жалпы сомасына күн сайын пайыздар есептеліп тұрады;
  • онлайн қолжетімділік және қаражатты тәулік бойы басқаруға болады;
  • депозиттің пайыздарын жоғалтпай, қаражатты толықтыруға және алуға болады;
  • СЖТМ 15,3%-ға дейін.

Енді "Күн Сайын" депозитін ашқан кезде салымшылар жоғарылатылған кешбэк түрінде қосымша пайда табады, алған кешбэк сомасы депозиттік шоттағы депозит мөлшеріне байланысты.

Мысалы, егер "Күн Сайын" депозиті бойынша қалдық сома 2 000 000 теңгеден 4 999 999 теңгеге дейін болса, онда картамен жасалған кез келген сауда үшін кешбэк - 5%.

Депозиттегі сома 5 000 000 теңгеден 9 999 999 теңгеге дейінгі көлемде болса, кешбэк 7%-ға дейін артады.

Егер "Күн Сайын" депозитінің сомасы 10 000 000 теңгеден көп болған жағдайда, барлық саудаға максималды кешбэк 10% беріледі.

Акция бойынша есептелетін жоғарылатылған бонустардың бір айдағы лимиті - 25 000 бонус.

Акцияға қатысу үшін 2023 жылғы 4 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 29 ақпанды қоса алғанға дейін 2 000 000 теңгеден кем болмайтын сомаға жаңа депозит ашып, Bereke Bank карталарымен сауда жасау қажет.

Акцияға B-Bank мобильді қосымшасында тіркелген және банк алдында берешегі жоқ кәмелеттік жасқа толған азаматтар қатыса алады.

Бүгіннен бастап "Күн Сайын" депозитін ашыңыз, ақшаңызды көбейтіңіз және Bereke Bank картасымен сауда жасай отырып, қосымша бонустарға ие болыңыз!

Акция туралы толық ақпарат және барлық шарттар банктің ресми сайтында қолжетімді.

Bereke Bank - клиенттердің қаржылық тұрғыдан өсуіне барынша жағдай жасауға ұмтылатын Қазақстанның жетекші банктерінің бірі. "Bereke Bank" АҚ - екінші деңгейдегі қазақстандық банк, қаржы ұйымы акцияларының 100%-ы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ атынан ҚР Үкіметіне тиесілі. Банк ҚР екінші деңгейлі банктердің ҮЗДІК ОНДЫҒЫНА кіреді.

Маусым айының басында Fitch Ratings халықаралық агенттігі "Bereke Bank" АҚ-ға тұрақты болжаммен "BB" деңгейінде ұзақмерзімді рейтинг берді. Бұл Қазақстанның банк нарығындағы ең жоғары рейтингтердің бірі.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22 ж. берген №1.2.199/93/31 лицензия
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны