15.01.2024, 17:21 36216

Биыл Алматыда төрт дәрігерлік амбулатория мен үш балабақшаның құрылысы аяқталады

Биыл Алматыда төрт дәрігерлік амбулатория мен үш балабақшаның құрылысы аяқталады
Сурет: bolnica_pexels.com
Биыл Алматыда төрт дәрігерлік амбулатория мен үш балабақшаның құрылысы аяқталады. Бұл туралы Алматы құрылыс басқармасы қаладағы әлеуметтік инфрақұрылым құрылысының барысы туралы хабарлады.

Бүгінде қалада "Ақжар", "Алтын Бесік" және "Жас Қанат" шағын аудандарында 700 орындық үш балабақша салынып жатыр. Оларды осы жылдың 2 тоқсанында аяқтау жоспарланған. Бұл ретте, былтыр маусым айында "Саялы" және "Айнабұлақ" шағын аудандарында әрқайсысы 160 орындық екі балабақша пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау саласына келсек, биыл шілде айына дейін "Саялы", "Қарасу", "Нұршашқан" шағын аудандарында, сонымен қатар, Түрксіб ауданы Айбасов көшесінде отбасылық-дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, былтыр "Мамыр-5" және "Кемел" шағын аудандарында амбулаториялар салынды.

Бұған қоса, осы жылдың бірінші тоқсанында аяқталатын "Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы" үшін қабылдау бөлімшесі ғимаратының құрылысы жүргізіліп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны