15.10.2021, 18:08 158467

Тоқаев ТМД елдерін COVID-19-ға қарсы вакцинация паспорттарын өзара тану процесін жеделдетуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН. 15 ҚАЗАН - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысында ТМД аясында COVID-19-ға қарсы вакцинация паспорттарын өзара тану процесін жеделдетуді ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

ТМД кеңістігінде вакцинация паспорттарын өзара мойындау үдерісін тездетуді ұсынамын, бұл тығыз ынтымақтастықты орнатуға, тәжірибе алмасуға және қазақстандық вакциналарды жеткізуге мүмкіндік береді. Осындай шешім қабылдай отырып, біз азаматтардың еркін қозғалысын қамтамасыз етеміз және іскерлік байланыстарды жандандырамыз", - деді Тоқаев.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны