24.08.2022, 15:39 12231
Қазақстанда бір тәулікте COVID-19-дың 668 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
КВИ таратпау жөніндегі ВАК ақпараты бойынша, жаңа жағдайлар тіркелді:
Нұр-Сұлтан қаласында - 146,
Алматы қаласында - 39,
Шымкент қаласында - 2,
Ақмола облысында - 76,
Ақтөбе облысында - 17,
Алматы облысында - 7,
Жетісу облысында - 17,
Атырау облысында - 19,
ШҚО-да - 21,
Абай облысында - 5,
Жамбыл облысында - 1,
БҚО-да - 68,
Қарағанды облысында - 69,
Ұлытау облысында - 13,
Қостанай облысында - 54,
Қызылорда облысында - 8,
Маңғыстау облысында - 27,
Павлодар облысында - 35,
СҚО-да - 41,
Түркістан облысында - 3.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 259 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері - 1 351 255 адам.
22 тамызда ҚР-да коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмониямен ауырудың 10 жағдайы анықталды. 1 адам (КВИ+)-ден қайтыс болды.
24 тамызға КВИ-ден 20 409 адам (20 086 КВИ+ және 323 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда - 729 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 19 680 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 18 пациент,
- аса ауыр халде – 5 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 4 пациент бар.
2022 жылғы 23 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 579 617 адам, 2-ші компонентпен - 9 360 769 адам вакцинацияланды. 5 415 130 адам ревакцинацияланды.
Барлық өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
07.03.2025, 16:01 15821
Астанада мектеп оқушылары арасында "Рақмет, ана" челленджі басталды
Достарға айту
Көктем мерекесі, Аналар мерекесі қарсаңында астаналық оқушылар арасында "Рақмет, ана" челленджі басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, челленджге қатысу үшін оқушылар аналарымен бірге түскен суреттерін немесе шағын бейнебаяндарын әлеуметтік желіде жариялап, осылайша өмірдегі ең жақын адамдарына алғыстарын білдіреді. Бұл челлендж оқушылардың аналарға деген махаббатын, құрметін көрсетуге бағытталған.
Бұл челлендждің мақсаты - аналарға деген зор алғысымызды білдіріп, олардың отбасындағы маңызды рөлін ерекше атап өту және ұрпағы үшін жасаған барлық жақсылығын бағалау. Бұл бастама оқушылардың өздерінің аналарын қадірлеуге, құрметтеуге шақырады. Сонымен қатар "Рақмет, ана" челленджі жастардың аналарға деген сүйіспеншілігін білдіруге тамаша мүмкіндік береді", - деді қосымша Астана қаласы Білім басқармасының білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Гульфара Сарамбетова.
Айта кетейік, челленджге елордадағы танымал жастар мен балалар да қатысып, өз үлестерін қосуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.03.2025, 15:35 16086
Президент Қазақстан әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Достарға айту
Мемлекет басшысы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент салтанатты іс-шараға жиналған барша қауымды көктем мерекесімен шын жүректен құттықтап, әлемге сүйіспеншілікпен қарайтын, жан-жағына жақсылық шарапатын сыйлап жүретін әйелдер қауымына жылы лебізін жеткізді.
Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді" деген сөз бекер айтылмаған. Әйел - шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы. Ана - тіршілік пен берекенің бастауы, адамзат бойындағы бар ізгіліктің қайнар көзі. Ананың аялы алақаны мен шексіз мейірімі әр үйге жылылық береді. Салт-дәстүріміз бен ана тіліміздің бүгінгі күнге жетуі де, ең алдымен, аналардың арқасы. Өмірдің мәні де, тіршіліктің сәні де - сіздер! Сондықтан, бүгінгі мейрамда барша ер-азаматтар өздеріңізге ақ тілегін арнап, ықылас-ілтипатын білдіріп жатыр. Солардың ішінде мен де Мемлекет басшысы ретінде әйелдерге тілегімді, лебізімді айтып тұрмын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы халқымызда ерлік пен елдіктің туын биік ұстаған арулар аз емес екенін алға тартып, олардың есімі ел шежіресіне алтын әріппен жазылғанын айтты.
Тұмар мен Бопай ханымдардың, Домалақ ана, Зере және Ұлпан аналардың, Әлия, Мәншүк, Хиуаз секілді батыр қыздарымыздың аты ел жадында. Сіздерді ақылы мен ажары, даналығы мен даралығы келіскен қазақ әйелінің ізбасары деуге болады. Әйелдер қауымы күрделі кезеңдерде аянбай еңбек етті, Отанымыздың өсіп-өркендеуіне белсене атсалысты. Ұрпақ тәрбиесі - ұлт тәрбиесі. Бүгінде сіздер санасы сергек, ойы азат ұрпақ өсіріп, Отанымыздың өркен жаюына айрықша үлес қосып келесіздер. Қазақстанның сан түрлі салада жетістікке жетуіне қыз-келіншектеріміз мол еңбек сіңіруде. Бүгін Ақордаға шақырылған әйелдер арасында Отанымызға әр салада еңбек сіңірген білікті мамандар бар. Мен баршаңызға зор алғыс айтамын!" - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, аналары алаңсыз қоғамда балалар да бақытты өмір сүреді. Бұл ретте Президент елімізде әйелдердің құқығын қорғау, оларды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан игі істерге айрықша тоқталды.
Ана мен баланың жағдайы дұрыс болса, әлеуметтің жағдайы да дұрыс болады. Сондықтан болашағын ойлаған ел, ең алдымен, әйелдердің жағдайын жақсартуды ойлайды. Мемлекетіміз әйелдерді барынша қорғауға және жан-жақты қолдауға баса мән береді. Осы бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Менің тапсырмаммен отбасы институтын нығайтуды көздейтін маңызды шаралар қабылданды. Барлық аймақта қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсететін орталықтар ашылып жатыр. Көп балалы аналарды қолдаудың ұлттық моделі қалыптасты. Соның арқасында жыл өткен сайын көп балалы отбасылардың саны артып келеді", - деді Мемлекет басшысы.
Президент қазір әйелдер түрлі салада табысты еңбек етіп жүргенін атап өтті.
Мемлекеттік қызметшілердің жартысынан көбі - әйелдер. Білім беру, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың 70 пайыздан астамы да - әйелдер қауымы. Сондай-ақ олар төтенше жағдайлар, қорғаныс және құқық қорғау органдарында табысты жұмыс істеп жүр. Көптеген әйелдер лауазымды қызметтер атқарады, Сіздердің араларыңызда да табысты басшылар аз емес. Қыз-келіншектер бизнесте де жетістікке жетіп жүр. Бойларыңыздағы мақсаткерлік пен жасампаздық қуаты ең батыл бастамаларыңызды жүзеге асыруға көмектесіп келеді. Берік азаматтық ұстанымдарыңызды танытып, қоғамдық жұмысқа да жан-жақты атсалысасыздар. Маңызды бастамалар мен халыққа қажетті әлеуметтік жобаларды іске асырып жүрсіздер. Қай іспен айналыссаңыздар да жауапкершілікпен қарап, ұдайы оң нәтижеге қол жеткізіп келесіздер. Әлемдік додаларда топ жарып, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген аруларымыз да бар. Біз қажырлы еңбегімен, ерен ерлігімен танылған қыз-келіншектерді мақтан тұтамыз. Тәуелсіздік жылдары өз саласының үздігі атанған 8 әйелге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді", - деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Президент биыл елімізде "Жұмысшы мамандықтары жылы" деп жарияланып, білікті мамандардың мәртебесін көтеру үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанына назар аударды.
Мысалы, мемлекеттік марапаттар жүйесіне жаңадан тоғыз құрметті атақ енгізілді. Бүгін осындай екі марапатты алғаш рет тапсырылады. "Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы" атағы еңбек ардагері Ольга Шелудькоға беріледі. Ал өндіріс озаты Майра Ерманова "Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері" атанып отыр. Осындай нағыз еңбек адамдарына бүкіл ел болып құрмет көрсетіп, оларды жан-жақты дәріптеуіміз керек. Жұмысшы мамандықтары жылының түпкі мәні де - осы", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Салтанатты жиында Мемлекет басшысы еліміздің дамуына елеулі еңбек сіңірген, өз саласында жоғары жетістікке жеткен бір топ әйел азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.03.2025, 08:24 15581
Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдар жабылды
Достарға айту
Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдар жабылды, деп хабарлайды Polisia.kz баспасөз қызметінен.
Қарағанды облысында 6 наурыз күні қатты боран мен төмен көріну салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолдар жабылды.
Қиын метеожағдайларға байланысты облыс жолдарында 719 жеңіл автокөлік, 605 жүк көлігі және 16 қоғамдық көлік тоқтап қалды. Ауа райының қолайсыздығы көлік қозғалысының қиындауына және жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әкелді.
Атап айтқанда, Қарағанды - Теміртау тас жолында үш жол-көлік оқиғасы орын алды. Абырой болғанда зардап шегугілер жоқ. Апаттардың негізгі себептері - нашар көріну және жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы.
Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілер мен тұрғындарды алыс сапарлардан бас тартуға, жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және ауа райының өзгерістерін ескеруге шақырады. Абай болыңыздар, өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар", - деді Қарағанды облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.03.2025, 10:55 24681
Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 58 мыңнан астам тапсырыс берді
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - Еңбекмині) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 58,2 мың рет көрсетілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 207,2 мың рет көрсетілгенін естеріңізге саламыз.
Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметін көрсету жылдамдығы мен сапасын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және т. б. мәселелер бар.
Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды.
Мұндағы басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.
Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді арнайы нұсқаулар алады.
Биыл Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдар қатарынан фокус-топтың қатысуымен жобаны пилоттық режимде іске асыру жалғасуда. Алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлеріне масштабтау жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.02.2025, 16:46 67626
Астанада кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейд өтті
Достарға айту
Астанада кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Сарайшық ауданында алдын алу рейді өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аудандық полиция басқармасы мен әкімдік қызметкерлері жастар жиналатын орындар мен көшелерді тексерді.
Рейд түнгі 22:00-де басталып, аталған уақыттан кейін көңіл көтеру орындарында болған 5 жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Жасөспірімдердің заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, балалармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер өткізілді.
Егер бір жыл ішінде аталмыш жағдай қайталанатын болса айыппұл салынатыны ескертілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.02.2025, 14:43 92401
Абай облысында жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Достарға айту
Абай облысында жасөспірімдер арасындағы жанжал ерекше бақылауға алынды: жәбірленушіге жан-жақты көмек көрсетілуде, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінен.
Абай облысында орын алған соңғы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Жанжалға қатысқан барлық тараптар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта жәбірленуші жасөспірімге ерекше назар аударылуда - ол арнайы орталықта мамандардың бақылауында. Психологтар мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл оған қажетті қолдау көрсетіп, оқиғадан кейінгі эмоционалдық әсерлерді жеңуге көмектесуде. Білікті мамандар жасөспірімнің психологиялық жағдайын қалпына келтіру үшін жұмыс жүргізіп жатыр.
Оқиғаға қатысы бар жасөспірімдерге қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Ертең кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтеді, онда әрбір қатысушының әрекеті жеке қаралып, қажетті шешімдер қабылданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.02.2025, 10:07 103411
СҚО-да 88 елді мекен ауыз сусыз отыр
Достарға айту
Солтүстік Қазақстан облысында 7,4 мың тұрғыны бар 88 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген, деп хабарлайды Inform.kz.
Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңестің биылғы алғашқы отырысында өңір елді мекендерін сумен қамту мәселесі көтерілді. Жол картасы бойынша биыл бұл мәселе толық шешілуі тиіс. Мәселен сумен жабдықтау нысандарын салуға және жаңғыртуға даму бюджеті аясында шамамен 11,7 млрд теңге бөлінген. Бұл ақшаға 37 ауылға су тартылады. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығы комитетінің желісі бойынша 5 ауылға таза су келмек және 46 ауылға кешенді модульдер блогы орнатылады.
- Қазіргі уақытта республикалық бюджеттен 15,1 млрд теңге сомасында қаржы бөлу мәселесі пысықталып жатыр. Елді мекендер ішіне сумен жабдықтау желілерін тарту топтық су құбырларының инфрақұрылымын ауыл шекараларына дейін жеткізу жөніндегі жоспарлармен сәйкестендірілуі тиіс. Облыстық бюджетті кезекті нақтылауда бірінші кезектегі шығыстар бойынша бюджеттің шығыс бөлігін ұлғайту керек, атап айтқанда, облыс тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге қаражат бөлу ұсынылады, өйткені бұл маңызды әлеуметтік бағыт. Осыған байланысты, облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2 160 млн теңгеге ұлғайтуды ұсынамыз, - дейді СҚО қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант.
Жоба бойынша Айыртау ауданына ғана сумен жабдықтау үшін 598,1 млн теңге керек. Бұл ауданда 11 елді мекен таза сусыз отыр. Тайынша ауданына 765,7 млн, Шал ақын ауданына 710,9 млн, Есіл ауданына 67,1 млн және Мамлют ауданына 18,2 млн теңге керек.
Бұған дейін СҚО-да былтыр суда қалып, шіри бастаған 1130 га ағаш жиналғандығын жазған едік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.02.2025, 16:01 103606
Катонқарағай ауданында жұмыс уақыты бір сағатқа кері шегерілді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында жұмыс уақыты бір сағатқа кері шегерілді, деп хабарлайды Inform.kz.
Катонқарағай ауданында мемлекеттік және әлеуметтік мекемелерде пилоттық режимде жаңа жұмыс кестесі енгізілді.
Енді аудандағы 40 мекеме аптасына бес күн сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін. Мұндай жұмыс режиміне көшу туралы шешім тұрғындармен болған талқылаулардан кейін қабылданып отыр.
Желтоқсан айында ауданға бір топ облыстық басқармалар басшылары келіп, соның ішінде Өрел, Аршаты, Берел, Жамбыл және тағы басқа жиыны 18 елді мекенде кездесулер өткізді. Сол кездесулер барысында жұмыс күнінің басталуын таңғы сағат 08:00-ге ауыстыру жайы сөз етілді.
- Жаңа жұмыс уақыты климаттық жағдайлар мен жергілікті тұрғындардың өмір ырғағын ескере отырып, өнімділіктің артуы мен өңірдің дамуына ықпал етеді. Сондықтан тұрғындардың пікірлері ескерілді, - деп хабарлады аудандық ішкі саясат бөлімінен.
Катонқарағайлықтар да бұл жұмыс кестесінің өздеріне қолайлы екенін айтып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Катонқарағай ауданының халқы мал соятын қасапхана таппай, қиналып отырғаны жайлы жазғанбыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
06.03.2025, 17:02Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді 06.03.2025, 17:04 89511Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді07.03.2025, 09:29 65261Әйелдер Skills Enbek платформасында кәсіби онлайн-оқытудан белсенді өтуде - Еңбек министрлігі07.03.2025, 16:07 64136Үкіметте Щучинск-Бурабай курорттық аймағы туризмін дамытудың 2029 жылға дейінгі жоспары бекітілді07.03.2025, 16:10 63916"Инвестициялық керуен" акциясы бастау алды
13.02.2025, 08:03 269661ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 260771Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 207356Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді10.02.2025, 10:34 175506"Zhastarmen" жобасы есірткіге қарсы күресті белсенді жүргізуде17.02.2025, 14:04 168851Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді