26.10.2021, 19:04 18345

Мамин Ресейде COVID-19 ауруының өсуіне байланысты мемлекеттік шекарада эпидбақылауды күшейтуді тапсырды

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдеріне коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттыру тапсырылды.
НҰР-СҰЛТАН. 26 ҚАЗАН - Көрші елдердегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшысы Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік шекарадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Әсіресе шекара маңындағы өңірлердің әкімдеріне санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету, сырқаттанушылық деңгейіне мониторинг жүргізу және жедел шаралар қабылдау, сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру тапсырылды. 
 
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдеріне коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттыру тапсырылды. 
 
Денсаулық сақтау, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне халыққа вакциналау мен ревакцинацияның маңыздылығын, денсаулықты сақтаудың жалғыз жолы – коронавирусқа қарсы вакцина алу екенін түсіндіру жұмыстарын одан әрі жүргізу тапсырылды.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны