11.11.2022, 13:35 25831

Қазақстанда бір тәулікте COVID-19 ауруының 50 жағдайы тіркелді

КВИ-ден 759 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 11 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 50 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 395 221 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11 қарашада КВИ-ден 759 адам (605 КВИ+ және 154 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 72 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 687 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 6 пациент,
 
- аса ауыр халде – 1 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар.
 
9 қарашада коронавирус белгілері бар пневмонияның 5 жағдайы анықталды.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 844 845 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 608 403 адам вакцинацияланды. 5 639 586 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны