14.06.2023, 16:34 58366

Денсаулық сақтау министрлігі ОҚКА-да АИТВ жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологилық тексеруді бастады

ДДҰ басшысының орынбасары мен Алматы қалалық ЖИТС орталығының қызметкерлерінің төрағалығымен комиссия құрылды
Денсаулық сақтау министрлігі ОҚКА-да АИТВ жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологилық тексеруді бастады
Сурет: Depositphotos
Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық ауруханасында науқастардан АИТВ (ВИЧ) анықталды, деп хабарлайды Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

2020 жылғы 20 қазандағы 140/2020 бұйрыққа сәйкес реанимация бөлімінде гемотрансфузия алған пациенттер 30 күннен кейін АИТВ (ВИЧ) инфекциясына бақылау талдауынан өтуге міндетті. Алматы қалалық ЖИТС (СПИД) орталығының мамандары Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ оң мәртебесі бар үш жағдайды анықтады", - дейді ведомство.


Осыған қатысты шұғыл комиссия құрылған.

2 маусымында ДДҰ басшысының орынбасары мен Алматы қалалық ЖИТС орталығының қызметкерлерінің төрағалығымен комиссия құрылды. Комиссия АИТВ-инфекциясының берілу көздерін анықтау бойынша ішкі тергеу жүргізді, донорлар, медицина қызметкерлері және байланысқан адамдар тексерілді", - дейді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.


Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша - зерттелгендердің барлығынікі теріс нәтиже көрсеткен. Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдайтын болады, дейді басқарма.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны