16.10.2023, 13:55 91281

Екі өңірдің әкімдіктері азық - түлік қауіпсіздігін бірінші орынға қоймай отыр - Жұманғарин

Екі өңірдің әкімдіктері азық - түлік қауіпсіздігін бірінші орынға қоймай отыр - Жұманғарин
Сурет: Depositphotos
Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте өңірлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті жедел жеткізу мен оның құны талқыланды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.

Вице-премьер Серік Жұманғарин әлеуметтік азық-түлік өнімдерін өңірлерге жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін кез келген шешім қабылдау туралы ҚТЖ ҰК АҚ-ға бір апта бұрын берген болатын. Әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Владимир Петров мәлімдеді.

Айтылған мәліметтер бойынша, 2023 жылдың 9 айында Қазақстанға ауыл шаруашылығы жүктерінің импорты 2,1 млн тоннаны құрады.

«Тек қазан айының өзінде 341 мың тонна астық жөнелтілетіні айтылып, оның 190 мың тоннасы келісілген. Бұл ретте негізгі жоспар бойынша бастапқыда 58 мың тонна астық қаралса, 132 мың тоннасы Сауда министрлігімен және Астық өңдеушілер қауымдастығымен қосымша пысықталды. Келісілген тізімде жоқ өтініш берушілердің 151 мың тоннасына өтінімдер қабылданбады. 10,1 мың тонна ұн әкелуге қатысты барлық өтінімдер 100%-ға орындалды. Әлеуметтік азық-түлік өнімдері бойынша осындай жағдай – 145 мың тонна көлеміндегі ӘМАТ импортына қатысты барлық өтінімдер орындалды. Өтінімдер бір тәулік ішінде мақұлданады», — деді В. Петров.

Сонымен қатар қазан айының басынан бері ел ішінде астық, ұн және әлеуметтік азық-түлік тауарларын тасымалдау бойынша артта қалушылық байқалады. Астық бойынша жоспарлар 76%-ға, ұн бойынша – 72%-ға, көкөністер бойынша – 94%-ға, күнбағыс майы бойынша – 23%-ға орындалды. Жалпы, осы күндері ел ішінде 619 мың тонна көлеміндегі әлеуметтік өнімдерді тасымалдау жоспары болса, 181,9 мың тоннаға тапсырыс орындалды.

«Темір жол бөлімшелерінің барлық басшыларына бірінші кезекте вагондар азық-түлік өнімдерін жеткізуді қамтамасыз етуі қажет, өтініштерді бір тәулік ішінде қарау тапсырылды. Тәулік бойы кезекшілік белгіленді», — деп деп атап өтті «ҚТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры.

Жалпы, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, негізгі азық-түлік тауарларының жалпы баға индексі 4 ай бойы төмендегеннен кейін маусымаралық кезеңде апта сайынғы өсім 0,1%-ды құрады. Бұл негізінен тауық жұмыртқасы бағасының маусымдық өсуіне байланысты болды (1,3%). Сондай-ақ қарақұмық (0,7%) және ұн (0,5%) бағасының шамалы өсімі тіркелді.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны