10.07.2023, 12:02 26861

Елде 43 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде

Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы Батыс циклоны өтеді
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн 43 градусқа дейін ысиды, деп хабарлайды Sputnik.kz Қазгидромете сілтеме жасай отырып.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы Батыс циклоны өтеді. Соның әсерінен батыста, кейін солтүстік пен орталықта найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түседі, жел күшейеді.

Елдің шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн ашық болады деп күтілуде.

Солтүстік пен орталықта, 11-12 шілде күндері солтүстік-батыста, 12-13 шілде оңтүстікте, 13 шілде оңтүстік-шығыста 43 градусқа дейін аптап ыстық болжанып отыр", - делінген хабарламада.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны