12.01.2024, 23:04 49911

Еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Синоптиктер 13 қаңтарда Астанада, Шымкентте және тағы 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

Астанада күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облысының батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны