30.11.2021, 20:54 100470

Коронавирустың жаңа штаммы Дельта нұсқасынан да қауіпті және тез таралады

Коронавирустың жаңа штаммы Дельта нұсқасынан да қауіпті және тез таралады
Сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайты
НҰР-СҰЛТАН. 30 ҚАРАША - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала деректеріне сәйкес жаңа штамм "Дельта" нұсқасынан да қауіпті, әрі тез таралады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Сондықтан жаңа штаммның еліміздің аумағына енуінің алдын алуға бағытталған шараларды қолдауды сұраймыз. Ұсынылған шектеу шаралары ведомствоаралық комиссия отырысында қаралып, мақұлданды", — деді Е. Тоғжанов.

 
Оның айтуынша, коронавирустың жаңа штаммының табылуы әлемнің көптеген елдерінде алаңдаушылық тудырып отыр. Бірқатар Еуропа елдері, Сингапур және Израил қатаң шектеу шараларын қабылдады (Израилде әуе қатынастары шектелуде, Еуропа елдері "Омикрон" анықталған елдерден келген адамдарды 14-күндік карантиндік оқшаулау тәртібін енгізді).
 
Сонымен қатар биыл маусымдық тұмау мен жедел респираторлық вирустардың таралу жиілігі 2019 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артып отыр. 
 

Осыны және әлемдегі жағдайды ескере отырып, барлық әкімдерден санитарлық талаптардың орындалуына бақылауды күшейтуді сұраймыз. Біріншіден, қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтық пен маска тағу режимін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары күшейтілуі тиіс. Бұл ретте мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру қажет. Екіншіден, коронавирусқа қарсы вакцина алу мен ревакциналауға шақыру бойынша ақпараттық жұмысты күшейткен маңызды. Азаматтардың вакцина алуы үшін қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс. Үшіншіден, әкімдіктер өңірдегі инфекцияның таралу деңгейіне күнделікті талдау жүргізіп отыруы қажет", — деп түйіндеді Е. Тоғжанов.

 
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда коронавирустың жаңа Омикрон штаммының (В.1.1.529) әкелінуіне және таралуына жол бермеу үшін 3 желтоқсаннан бастап шектеу шаралары қабылданатынын хабарлады.
 

ДДСҰ бұл нұсқаны алаңдаушылық тудырады деп атады. Алдын ала мәліметтер бойынша, коронавирустық инфекцияның басқа түрлерімен салыстырғанда, Омикрон нұсқасы Дельта штаммына қарағанда жұқпалы, негізінен 20-30 жастағы адамдарға әсер етеді, сонымен қатар КВИ қайта жұқтыру қаупі бар", - деді вице-министр.

 
Оның айтуынша, қолданылатын ПТР тестілері КВИ Омикрон штаммының нұсқасын анықтай алады.
 
Бірінші вице-министрдің айтуынша, коронавирус инфекциясының "Омикрон" штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияда биылғы 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды: 
 
1. Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу. 
 
2. "Омикрон" нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден, бүгінгі күні бұл елдер – Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египет. Осы елдерден келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР тестілеудің бар болуын енгізу. 
 
3. "Омикрон"-нан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантиніне оқшаулануы тиіс. 
 
4. Бельгияда Египеттен келген адамнан "Омикрон" штаммынан КВИ жағдайының анықталғанын және Египеттен келетін жолаушылар санын (қараша 13 мыңнан астам адам) ескере отырып, Египетпен әуе қатынасын тоқтата тұру. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны