05.10.2023, 21:18 84261

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 5,8% өскен

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен апта ішінде өзгерізсіз қалды, ал жылдық мәнде 5,8% өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 3 қазанға/:

Сүт, 2,5% - 378 тг/л

Күріш - 474 тг/кг

Қырыққабат - 166 тг/кг
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны