03.11.2021, 15:38 16785

Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдеді

Елорданың мемлекеттік бас санитариялық дәрігері карантин талаптары жеңілдетілген жаңа қаулыға қол қойды.
Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдеді
НҰР-СҰЛТАН. 3 ҚАРАША - Елорданың мемлекеттік бас санитариялық дәрігері карантин талаптары жеңілдетілген жаңа қаулыға қол қойды.
 
Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитариялық дәрігері Сарқыт Бейсенова жаңа қаулыға сәйкес елордада Ashyq жүйесінің жұмысын жетілдіре түсіруді талап етті.
 
Яғни "сары" аймақ критериіне сәйкес кәсіпкерлік нысандарда Ashyq жобасының қызметін қайта жандандырылады. Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатыспайтын нысандарға "сары" аймақ критериіне сәйкес жұмыс істеуіне рұқсат берілді.
 
Ендігі уақытта елорданың барлық нысандары ҚР мемлекеттік бас санитариялық дәрігері бекіткен қаулыны ережесін қатаң сақтай отырып жұмысын жалғастырады.
 
Еске сала кетсек, елорда 26 қазан күні "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті. 

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны