29.03.2023, 09:49 45566

Оңтүстік Кореяда іздеуде жүрген Қазақстан азаматы полицияға өз еркімен барды

Қазақстан Елшілігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр
Оңтүстік Кореяда іздеуде жүрген Қазақстан азаматы полицияға өз еркімен барды
Сурет: Depositphotos
Астана. 29 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Кореяның Инчхон әуежайында қашып кеткен екінші қазақстандық полицияға өз еркімен барды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздеуде болған Қазақстанның екінші азаматы корей полициясына өз еркімен берілді. Қазақстан Елшілігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр және отандастарымызға қажетті барлық консулдық-құқықтық көмек көрсететін болады, - деп атап өтті Айбек Смадияров.


Бұған дейін хабарланғандай, Корея Республикасына кіруге рұқсат берілмеген Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кеткен. Кейінірек олардың бірін жергілікті полиция ұстады, ал екінші отандасымыз іздеуде болған.

Болған оқиға Оңтүстік Кореяда қоғамдық резонанс тудырды және жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланды. Өз кезегінде бұл жағдай болашақта Корея Республикасының құқық қорғау және иммиграциялық органдарын әсіресе Қазақстан азаматтарының елде заңсыз жүріп-тұруына қарсы белсенді күресуіне, сондай-ақ біздің отандастарымыз үшін елге кіру тәртібін қатаңдатуға итермелеуі мүмкін", - деп мәлімдеген еді Сыртқы істер министрлігінен.


Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға шенген визасын беру кезінде қосымша консультациялар енгізуге қатысты түсініктеме берген болатын.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны