04.11.2021, 17:29 31135

Қоқыс жағатын зауыттардың құрылысына 292 млрд теңге жеке инвестиция салынады

Қоқыс жағатын зауыттар салу үшін алты қала анықталды.
НҰР-СҰЛТАН. 4 ҚАРАША - Қоқыс жағатын зауыттар салу үшін алты қала анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Түзілген қатты тұрмыстық қалдықтар көлемін айтарлықтай қысқарту үшін заңнамалық деңгейде "Waste to Energy" тетігі енгізілді. Қоқыс жағатын зауыттар салу үшін 6 қала анықталды. Алғашқы аукциондық сауда-саттық өткізілді. Инвестор анықталды. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Жеке инвестициялар 292 млрд теңгені құрайды. Өз кезегінде мемлекет қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді", - деді ҚР Экология министрлігінің басшысы.

 
Қоқыс тастайтын жерлерді жою және оған жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні 7,3 мың үйіндіден 86%ы жойылды. Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының көрсеткіштері республикалық орташа деңгейден төмен.
 

Рейдтік іс-шаралар өткізілді. 17 мыңға жуық құқық бұзушы жауапкершілікке тартылып, 25 млн теңге сомасына айыппұл салынды", - деді Брекешев.

 
Министр Қазақстанда 3 мыңнан астам қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар екенін айтты, олардың тек 20%-ы ғана нормаларға сәйкес. Бұл мәселе Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында өте өзекті болып тұр.
 
Спикер, сондай-ақ, құрылыс қалдықтарымен жұмыс істеу проблемасына назар аударды.
 

Осы жылдың қаңтар айынан бастап полигондарда осы қалдықтарды көмуге тыйым салынды. Норма 2016 жылы енгізілді. Осыған қарамастан, тек үш қалада, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы және Лисаковск, Қостанай облысында құрылыс қалдықтарына арналған алаңдар бар", - деп нақтылады ол.

 
Жалпы, министрдің айтуынша, қоқыс шығаратын ұйымдардың қызметін реттеу және бақылау мақсатында жаңа Экокодексте хабарлама жасау тәртібін енгізу көзделген. Олар көлікке GPS-датчиктерін орнатуға және көліктің қозғалысы туралы толық ақпаратты беруге міндетті. Оған қоса, қалдықтармен жұмыс істеу талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар жоғарлады.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны