16.11.2021, 18:29 13108

Pfizer вакцинасын коммерциялық нарықта сату мүмкіндігі туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленді

Pfizer вакцинасын коммерциялық нарықта сату мүмкіндігі туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленді
Сурет: sharij.net
НҰР-СҰЛТАН. 16 ҚАРАША - Қазақстанда Сovid-19-ға қарсы "Комирнати" (Pfizer) вакцинасын коммерциялық нарықта сату мүмкіндігі туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың тапсырмасына сәйкес, COVID-19 Comirnaty (Pfizer) вакцинасын коммерциялық нарықта халықтың қалауы бойынша ақылы негізде вакциналау үшін сату мүмкіндігі туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында.

 
Оның айтуынша, вакциналау республиканың 7 өңірінде басталды, олар Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары. Бүгінгі таңда 1 313 бала мен 247 жүкті және бала емізетін әйел вакцина алды.
 

Ауруды талдау жұмыстары КВИ бойынша жағдайы ауыр науқастар мен жалпы сырқаттанушылардың негізгі үлесі вакцина алмаған халыққа тиесілі екенін көрсетті", - деп атап өтті министр.

 
Сонымен, вакцина алмаған науқастардың 1 ақпаннан бастап КВИ-мен ауырған науқастардың салыстырмалы салмағы шамамен 95%-ды құрайды, ал вакциналанған азаматтардың тек 5%-ы ауырды.
 
Осыған ұқсас жағдай өкпені жасанды желдетуде жатұан науқастардың санымен де қалыптасып отыр, олардың 96%-ға жуығы екпе алмағандарға тиесілі.
 
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 16 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы бірінші компонентпен 8 558 198 адам, екінші компонентпен - 7 840 876 адам вакцинацияланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны