19.01.2022, 17:21 41051

Полиция "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасын ерекше өкімге дейін жалғастырады

19 қаңтардан бастап жедел-алдын алу шарасы төтенше жағдай режимі тоқтатылған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында өткізіледі.
Полиция "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасын ерекше өкімге дейін жалғастырады
Сурет: polisia.kz
НҰР-СҰЛТАН. 19 ҚАҢТАР - 15 қаңтардан бастап төтенше жағдай режимі тоқтатылған өңірлерде "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. 
 
19 қаңтардан бастап жедел-алдын алу шарасы төтенше жағдай режимі тоқтатылған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында өткізіледі. 
 
Іс-шараның негізгі мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау. 
 
Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде жүзеге асырады: 
 
– құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды және заттарын жеке тексеру; 
 
– жалдамалы пәтерлерді, тасталған үйлерді, хостелдерді, саяжайларды, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды тексеру; 
 
– атыс, травматикалық және суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және т.б. тәркілеу; 
 
– белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтау; 
 
– бұрын сотталған және ішкі істер органдарында есепте тұрған өзге де адамдарды тексеру. 
 
Ішкі істер министрлігі азаматтарды жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуге түсіністікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің талабы бойынша құжаттарды көрсетуге шақырады.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны