ҚР 18 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 9 698 жаңа жағдайы анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 9 698 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтанда - 3 702,
Алматыда - 1 198,
Шымкентте - 310,
Ақмола облысында - 378,
Ақтөбе облысында - 285,
Алматы облысында - 320,
Атырау облысында - 538,
ШҚО-да - 169,
Жамбыл облысында - 259,
БҚО-да - 151,
Қарағанды облысында - 1 371,
Қостанай облысында - 33,
Қызылорда облысында - 143,
Маңғыстау облысында - 216,
Павлодар облысында - 375,
СҚО-да - 129,
Түркістан облысында - 121.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 142 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 973 637 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
18 қаңтарға КВИ-ден 86 017 адам (84 406 КВИ+ және 1 611 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда - 7 388 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 78 629 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 251 пациент,
- аса ауыр халде – 83 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 50 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 17 қаңтарға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 087 өлім жағдайы тіркелген. 16 қаңтарда КВИ-ден 6 адам қайтыс болды.
2022 жылдың 16 қаңтарында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы тіркелді, 2 адам қайтыс болды, 13 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 84 741, өлім - 5 239, сауыққандар - 77 891.
Қазақстанда 2022 жылғы 17 қаңтарда I компонентпен 9 072 044 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 630 788 адам вакцинацияланды.
2022 жылдың 17 қаңтарына Pfizer вакцинасымен егілді: бірінші компонентпен - 452 874 адам, екінші компонентпен - 236 773.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта: Түркістан облысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.