04.03.2022, 11:17 30931

ҚР 4 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: өткен тәулікте COVID-19 ауруының 253 жаңа жағдайы анықталды

ҚР 4 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: өткен тәулікте COVID-19 ауруының 253 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 4 НАУРЫЗ - 2022 жылғы 3 наурыз 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 303 316 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 253 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 24;
 
Алматы қаласында - 68; 
 
Шымкент қаласында - 8; 
 
Ақмола облысында - 6; 
 
Ақтөбе облысында - 1; 
 
Алматы облысында - 7; 
 
Атырау облысында - 6; 
 
ШҚО-да - 11; 
 
Жамбыл облысында - 6; 
 
БҚО-да - 9; 
 
Қарағанды облысында - 16; 
 
Қостанай облысында - 29; 
 
Қызылорда облысында - 1; 
 
Маңғыстау облысында - 4; 
 
Павлодар облысында - 17; 
 
СҚО-да - 39; 
 
Түркістан облысында - 1.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 263 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 273 733 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
4 наурызға КВИ-ден 17 077 адам (15 960 КВИ+ және 1 117 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 1 808 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 15 269 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 133 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 47 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 37 пациент бар. 
 
2022 жылдың 3 наурызында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның (КВИ -) 33 жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды, 35 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 88 247, өлім - 5 344, сауыққандар - 81 786. 
 
2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 3 наурызға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 623 өлім жағдайы тіркелді. 2 наурызда 3 адам қайтыс болды.
 
Қазақстанда 2022 жылғы 3 наурызға I компонентпен 9 398 413 адам вакцинацияланды, II компонентпен 9 017 340 адам вакцинацияланды. 
 
ҚР барлық өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны