27.09.2021, 17:16 6840

ҚР Бас санитариялық дәрігері Ashyq жобасы бойынша қаулы жариялады

НҰР-СҰЛТАН. 27 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстанның Бас санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстанда Ashyq жүйесін пайдалану туралы жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында келесі объектілерде "Ashyq" жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылады:
 
1)        йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
 
2)        спа-орталықтары;
 
3)        моншалар, сауналар, бассейндер;
 
4)        PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; 
 
5)        боулинг клубтары;
 
6)        кинотеатрлар;
 
7)        театрлар мен филармониялар;
 
8)        стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
 
9)        асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
 
10)        облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
 
11)        облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
 
12)        бильярд клубтары;
 
13)        концерт залдары;
 
14)        ерікті қатысушылар;
 
15)        караоке;
 
16)        көрмелер;
 
17)        океанариум;
 
18)        марафондар;
 
19)        көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
 
20)        әуежайлар;
 
21)        лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
 
22)        балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары; 
 
23)        цирктер;
 
24)        отельдер, қонақ үйлер;
 
25)        халыққа қызмет көрсету орталықтары;
 
26)        темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
 
27)        (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері, сауда желілері;
 
28)        балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
 
29)        букмекерлік конторалар;
 
30)        сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
 
31)        барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен балаларды 12 жастан бастап QR-кодты сканирлеу кезенде ерікті түрде тіркеле отырып));
 
32)        спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
 
33)        білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);
 
34)        діни объектілер;
 
35)        ойын клубтары (казино);
 
36)        "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы 
 
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:
 
1) объектілерде енгізу кезінде "Ashyq" жобасын техникалық қолдауды;
 
2) күн сайын Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне "Ashyq" ақпараттық жүйесінен "қызыл/сары" мәртебесі бар келушінің жобаға қатысатын объектіге бару фактісінің тіркелгені туралы алдыңғы күнгі мәліметтерді (жүктеп алуды) ұсынуды қамтамасыз етсін.
 
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және:
 
1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес объектілерде "Ashyq" жобасын енгізуді;
 
2) осы қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жобаны іске асыруға қатысатын объектілердің тізбесін айқындауды;
 
3) "Ashyq" көшбасшылары" мәртебесін алу үшін жобаға қатысушылардың тізімін айқындауды;
 
4) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін "Ashyq" мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді;
 
5) тестілік режимде қатысатындарды және ерікті қатысушыларды қоса алғанда, "Ashyq" жобасына қатысушылар туралы ақпаратты, "Ashyq" көшбасшылары" мәртебесін алған жобаға қатысушылардың тізімін әкімдіктердің сайтында орналастыруды;
 
6) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және олардың Ұлттық сараптама орталығының Бірыңғай интеграцияланған порталына (ҰСО БИП) берілуін;
 
7) Cаll-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды;
 
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді; 
 
9) 12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға "Ashyq" қосымшасында, оның ішінде басқа платформаларда (мысалы, eGov mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк, сайт www.ashyq.kz) ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен, QR-кодты сканирлеу кезенде ерікті түрде тіркеле отырып кіруін;
 
10) осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес "Ashyq" жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптарды бұзушылықтардың профилактикасы бойынша мониторингтік топтар жұмысының тиімділігін;
 
11) QR-кодты өшіру үшін жобаға жосықсыз қатысушылардың ресми тізімдерін InfoКazakhstan.kz электрондық платформасына уақтылы енгізуді қамтамасыз етсін;
 
12) (инфекциялық төсектердің толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және төсектердің толтырылу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болғанда) тәуекел деңгейі қауіпті аймақта эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда өңір "қоңыр қызыл" аймаққа ауысады - осы тармақтың 16) тармақшасына сәйкес шектеу шаралары енгізіледі. Өңір "қоңыр қызыл" аймақта кемінде 3 күн болған кезде карантиндік шараларды қатаңдату қабылданады. Күшейтілген карантиндік шаралар "қоңыр қызыл" аймақтан "қызыл" аймаққа көшкеннен кейін кемінде 7 күн сақталады. Карантиндік шараларды жеңілдету "қоңыр қызыл" аймақтан "қызыл" аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді;
 
13) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес "Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес барлық объектілерінің жұмысына:
 
 - жұмыс күндері - "Ashyq" жобасына қатысушы барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшылары үшін - сағат 02.00-ге дейін;
 
- демалыс күндері - сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) "Ashyq" жобасының көшбасшылары үшін - сағат 02.00-ге дейін рұқсат етуді қамтамасыз етсін.
 
Осы тармақта көзделген "жасыл мәртебе" болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және су вокзалдарына, өзне және теңіз порттарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;
 
14) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қауіпсіз "жасыл" мәртебесі болған кезде "Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметінің өлшемшарттарына сәйкес қызметке рұқсат етуді, қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұимыс режимі бойынша шектеусіз қызметіне рұқсат етуді қамтамасыз етсін;
 
15) "қоңыр қызыл" аймақтың өңірлерінде:
 
- орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақшада көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, "Ashyq"-қа қатыспайтын, меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұруды;
 
- ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;
 
- мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), офистердің, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің 80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысанын сақтауды (вакцинацияланғандарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда);
 
- Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) шешімі негізінде демалыс күнгі шектеу шараларын енгізуді қамтамасыз етсін; 
 
- "қоңыр қызыл" аймақтың өңірлерінде "Ashyq" жобасынан тыс: құрылыс жұмыстарын жүргізуге; өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне; байланыссыз қызметтерді көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т. б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне; туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері және т. б.) қызметіне; қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне; әкімдіктердің, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының, БАҚ, азық-түлік дүкендерінің, дәріханалардың және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарының қызметіне жол беріледі; 
 
16) ВАК шешімінің негізінде осы тармақтың осы тармақтың 15) тармақшасына сәйкес "қоңыр қызыл" аймақта орналасқан өңірлермен агломерациядағы өңірлерде қатаңдату жөнінде ұқсас шаралар қабылдауды;
 
17) жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды;
 
18) check-in бойынша талаптарды сақтамайтын объектілерді (аутсайдерлерді) "Ashyq" жобасынан шығаруды қамтамасыз етсін.
 
Осы қаулы 2021 жылғы 27 қыркүйекте сағат 00-ден бастап күшіне енеді.
 
Қаулының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны