26.10.2021, 18:21 25544

ҚР Денсаулық сақтау министрі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамын айтты

НҰР-СҰЛТАН. 26 ҚАЗАН - ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысы барысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамын айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Министрлік алдағы 3 айға арналған коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал болжамын жаңартты. Мәселен, пессимистік сценарий орын алған кезде тіркелген жағдайлардың орташа тәуліктік саны қараша айында 1 800-ге дейін, желтоқсанда 2 350-ге дейін жетеді. Нақты сценарий бойынша, қараша айында 1 650 жағдайға дейін, желтоқсанда 1 600 жағдайға дейін тіркеледі. Оптимистік сценарий бойынша қарашада 1 500 жағдайға дейін, желтоқсанда тәулігіне 1 100 жағдайға дейін тіркелмек", - деді Денсаулық сақтау министрі.

 
Ол Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттану 11%-ға төмендегенін атап өтті.
 
Бүгінгі таңда жасыл аймақта 8 өңір бар: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы. 
 
Қазақстан Республикасы және 5 өңір — сары аймақта (Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары). 
 
Қызыл аймақта 4 өңір (Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) тұр. 
 
Сондай-ақ, Цой, жалпы, Қазақстанда соңғы екі айда аурушаңдық 4,5 есеге, ал өлім-жітім 4,8 есеге төмендегенін хабарлады.
 
2021 жылғы 25 қазан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 931 137 жағдайы расталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:COVID-19

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны