12.06.2023, 11:06 26706

ҚР Премьер-Министрі Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсіміне қатысты

Премьер-Министр Үкімет мүшелерінің және өзінің атынан көңіл айтты
ҚР Премьер-Министрі Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсіміне қатысты
Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың қайтыс болуына байланысты Алматыда өтіп жатқан аза тұту шараларына қатысты, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне.

Қоштасу рәсімінде сөз сөйлеген Әлихан Смайылов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқыды.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтамын. Бердібек Машбекұлы ұзақ жылғы еселі еңбек жолында лауазымды қызметтерді абыройлы атқарып, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени өркендеуіне және өңірлерді дамытуға мол үлес қосқан еді. Мемлекетіміздің сындарлы саясатын үлкен біліктілікпен жүргізе біліп, Қазақстанның беделі мен мәртебесінің арта түсіне қажыр-қайратын жұмсады. Азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде құрметке бөленді. Соңына өшпес із қалдырған Бердібек Машбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - делінген Мемлекет басшысының көңіл айту хатында.


Өз кезегінде Премьер-Министр Үкімет мүшелері және өзінің атынан көңіл айтты.

Бердібек Машбекұлы өзінің еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты. Қай қызметте болсын, халық мүддесіне бар күш-жігерін жұмсап еңбек етті. Бердібек Машбекұлының ерен еңбегі мен жарқын бейнесі халық есінде мәңгі сақталады", - деді Әлихан Смайылов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны