13.10.2023, 14:09 68736

Республика күніне орай Алматыда кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Республика күніне орай Алматыда кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Сурет: gov.kz
2023 жылғы 14-15 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматыда мегаполиске іргелес жатқан аудандардан 60 шаруа қожалығының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім (ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және т.б.) ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі - 180 тонна, оның ішінде ет - 30 тонна, жеміс - көкөніс - 120 тонна, сүт - 15 тонна, балық - 5 тонна, өзгелері-10 тонна.

Өтетін орны: Шевченко көшесіндегі "Шоқан Уәлиханов" алаңында Қонаев көшесі мен Пушкин көшесі арасында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны