04.02.2025, 13:29 4206

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында альт музыкасына арналған концерт өтті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәстүрлі альт музыкасына арналған концерт өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шара Қазақстанның танымал альтисті, профессор, "Құрмет" орденінің кавалері, Қазақстан альт мектебінің негізін қалаушы Яков Фудиманды (1934-2007) еске алуға арналды.

Кешке Я. Фудиманның шәкірттері, музыканттар және альт музыкасын сүйіп тыңдаушылар жиналды. Яков Фудиман музыка саласында мол мұра қалдырған тұлға. Сондай-ақ, ол 150-ден астам студент тәрбиелеген үлкен мектеп қалыптастырды. Олардың қатарында мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары, жетекші педагогтар мен артистер бар.

Яков Фудиманды еске алу кеші - концерт қана емес, маэстроның Қазақстандағы альт өнерін дамытуға қосқан зор үлесін айшықтаған ерекше мәдени іс-шара болды.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны