04.02.2025, 12:51 8731
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 27,5 мың адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Достарға айту
Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі - ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 60,5 мыңнан астам адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 27,5 мың адам пайдаланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.
ОЦК енгізудің басты мақсаты - қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқылы екендігі туралы күнделікті "электрондық хабарлама" болып табылады.
Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем.
Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, "қандас" мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды.
Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.
Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.
Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.02.2025, 13:31 6751
Алматы тау кластерін дамыту мәселелеріне арналған кездесу өтті
Достарға айту
Елордада Алматы тау кластерін дамыту мәселелеріне арналған кездесу өтті. Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ тау шаңғысы индустриясының өкілдері мен халықаралық компаниялардың мамандары қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында STEM International компаниясының басшысы Винсент Тассар өңірдегі тау шаңғысы туризмін дамыту жобасын таныстырды.
Жобаның негізгі мақсаттары:
- "Шымбұлақ" курортын кеңейту және оны "Ой-Қарағай" демалыс аймағымен біріктіру.
- Аспалы жолдар санын 13-тен 35-ке дейін арттыру.
- Курортқа келетін бір күндік туристер санын 6 мыңнан 24 мың адамға дейін көбейту.
- Тау шаңғысы трассаларының ұзындығын 41 шақырымнан 90-124 шақырымға дейін ұзарту.
- Жыл сайынғы туристік ағынды 5 миллион адамға дейін көбейту.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 13:10 7661
Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарын ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында Шри-Ланканың орнықты даму және халықаралық беделін нығайту жолында айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.
Қазақстан Шри-Ланкамен қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен берік ынтымақтастық болашақта да халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін", - делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаякенің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Шри-Ланка халқына құт-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 13:04 8056
Мүгедектікті белгілеу бойынша 8,5 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
Достарға айту
2024 жылдын басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 8,5 мыңнан астам өтінім қаралды. Бүгінгі күні сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды.
Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.
Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.
Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.
Сырттай куәландыруға көшу:
- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;
- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 13:01 8341
Салмақты өлшеу жүйелері, электронды таблолар және жаңа жолдардың құрылысы: Бектенов Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол саласын дамыту және аталған салаға цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Көлік министрі Марат Қарабаев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ағымдағы жағдай туралы, сондай-ақ Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының басшысы Болатбек Айтбаев және бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады.
Көлік министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 12 мың шақырым жол, оның ішінде 8 мың шақырым - республикалық жол желісі, 4 мың шақырым - жергілікті жол қамтылған. Марат Қарабаев Премьер-министрге ұзындығы 7 мың шақырымды құрайтын ірі автожол жобалары аяқталғанын, стратегиялық маңызды нысандар: Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Шамалған стансасын айналып өтетін жол өтпесі, Түркістан облысында орналасқан еліміздегі алғашқы туннель пайдалануға берілгенін хабарлады. Сондай-ақ Қарағанды - Алматы, Талдықорған - Өскемен, Ақтөбе - Атырау - Астрахан, Қазталов - Жәнібек және Өнеге - Сайқын сияқты негізгі магистралдарда жол жүру қамтамасыз етілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикалық жолдардың қалыпты жағдайы 93%-ға, жергілікті жолдар жағдайы 89%-ға жеткені атап өтілді.
Мемлекет басшысының жолдарды жыл сайын жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2025 жылға 9,5 мың шақырымға жұмыс жоспарланған, сондай-ақ Ақтөбе - Ұлғайсын, Қарағанды - Жезқазған, Атырау - Доссор, Қызылорда - Сексеуіл, Сарыағаш, Қызылорда, Петропавл, Рудный, Шымкент және Түркістан қалаларын айналып өту жобаларын іске қосу және 2,5 мың шақырымға жөндеу жүргізу көзделген.
Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының басшысы Болатбек Айтбаев Үкімет отырысы барысында 2024 жылы республикалық желі нысандарын сараптамамен қамту 100%-ға, жергілікті желі бойынша - 99%-ға жеткенін хабарлады. Жол құрылысы сапасын бағалау бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мердігер компаниялар өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 3,9 млрд теңгеге жұмыстарды қайтадан жасады. Биыл нысандарды 100% сараптамадан өткізу және жол-құрылыс материалдарының 10 мың үлгісіне сынақ жүргізу жоспарланып отыр.
Жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша автожолдарды диагностикалау бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде, автоматтандырылған бақылауға және электрондық көлік құжаттарына ауқымды көшу жүзеге асырылуда.
Премьер-министр жол саласы әлеуетін арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында инфрақұрылымды дамыту ісін жаңа деңгейге көтеру, оның ішінде көлік-логистика саласына баса мән беру қажеттігін айтты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жақсы нәтижелер бар, бірақ қарқынды арттыра түсу қажет. Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталған жаңа жобаларды дайындауға кірісу керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Автожол жобаларын уақтылы қаржыландырудың және осы мақсаттарға арналған жер учаскелерін резервке қоюдың маңызы атап өтілді. Премьер-министр өңірлер әкімдіктерінің алдына тиісті міндет қойды. Резервке қойылған жерлерді беруге мораторий енгізу, олардың нысаналы мақсатын өзгерту тапсырылды. Өнеркәсіп министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, автожол жобаларына тартылған карьерлердің құжаттарын рәсімдеуі қажет. Көлік министрлігі жол салуға қажетті жерлерді мемлекет қажеттілігі үшін жедел сатып алуды заңнамалық реттеу мәселесін пысықтауы тиіс.
Премьер-министр жергілікті жолдар желісін дамытуға баса назар аударды. Олжас Бектенов Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі жеткіліксіз болып отырғанын атап өтті. Өңірлердің әкімдеріне құрылыс және реконструкциялау технологияларын сақтау, сондай-ақ жобаларды іске асыру мерзімдері мәселелерін бақылауға алу тапсырылды.
Отырыс барысында Премьер-министр бірқатар тапсырма берді:
Көлік министрлігі осы жылдың сәуір айынан бастап "Қарағанды - Жезқазған", "Ақтөбе - Ұлғайсын" жолдары және "Сарыағаш қаласы айналма жолын" салу жұмыстарына кіріссін;
Көлік министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, барлық жолдардың жағдайына қатаң бақылау жасап, ақауларды уақтылы жойып отыруды қамтамасыз етсін, Ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйелерді орнату жұмыстары жеделдетілсін;
Көлік министрлігіне Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Цифрландыру, Мәдениет және ақпарат министрліктерімен бірлесіп, жаппай жол апаттарының алдын алу үшін нақты алгоритмдер енгізсін;
Көлік және Цифрлық даму министрліктері республикалық, жергілікті және қалалық жолдардың жағдайына мониторинг жүргізу үшін осы жылдың соңына дейін "Е-жолдар" цифрлық платформасын пилоттық режимде іске қосуды қамтамасыз етсін;
Көлік және Цифрландыру министрліктері нарықтағы барлық цифрлық қызметтерге тексеру жүргізіп, олардың көлік-логистика саласына белсенді енгізілуін қамтамасыз етсін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2025, 19:55 24346
Қазақстан метан шығарындыларын реттеуді нығайтуда: алғашқы консультациялық семинар басталды
Достарға айту
Қазақстан метан шығарындыларын реттеуді нығайтуда: алғашқы консультациялық семинар басталды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елордада ең қуатты парниктік газдардың бірі - метан шығарындыларын реттеу бойынша алғашқы екі күндік консультациялық семинар өтуде.
Президент Кеңесшісі-Қазақстан Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Зульфия Сүлейменованың басшылығымен іс-шараны Энергетика министрлігі, Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар Министрлігі және халықаралық энергетикалық агенттіктің (IEA), Clean Action Task Force (CATF) және басқа серіктестердің қолдауымен ұйымдастырды. Үкімет, бизнес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Президенттің кеңесшісі-Қазақстан Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Зульфия Сүлейменова:
2012 жылы енгізілген газды күнделікті алау жағуға тыйым салудың арқасында Қазақстан газды жағуды 70% - дан астамға қысқартты. Енді біз метанның ағып кетуін және желдетілуін жоюға дайынбыз. Бұл жай экология емес-бұл тұрақты даму. Біз пайда әкелетін құнды ресурсты жоғалтып жатырмыз: электр энергиясын өндіру, газ импортына тәуелділікті азайту және тіпті экспорттық әлеуетті арттыру".
Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов:
Газ ресурстарын ұтымды пайдалану және экологиялық жүктемені азайту мақсатында заңнамалық базаны жетілдіру және әзірлеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды, бұл жер қойнауын пайдаланушылардың шикі газды кәдеге жарату мәселелерін шешудегі жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді".
Семинардың басты нәтижесі - мұнай-газ және көмір секторларында метан шығарындыларын реттеу бойынша "Жол картасын" әзірлеу. 2023 жылы метан бойынша Жаһандық уәдеге (GMP) қосылған Қазақстан ойын ережелерін өзгертуге дайын: шығарындыларды азайту, инвестициялар тарту және энергия секторының тиімділігін арттыру.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2025, 18:39 24631
"Медеу" мұз айдынын реконструкциялау барысында оның тарихи келбеті мен мәдени мұрасы сақталады
Достарға айту
Алматы спорт нысандарын басқару жөніндегі дирекциясының мәліметінше, 2023 жылы "Медеу" мұз айдыны мен оның инженерлік желілерінің техникалық жағдайын тексеру және бағалау жұмыстары жүргізілді. Бұл зерттеудің мақсаты - жаңғырту тұжырымдамасы мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Сараптама қорытындысына сәйкес, қазіргі уақытта мұз айдыны жаппай сырғанау үшін қауіпсіздік талаптарына сай келеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жаңғырту бойынша негізгі бағыттар:
Медеу" БТСК аумағын көркейту жұмыстары: мұз айдынының батыс сызығы бойымен серуендеу аллеясын құру, айдын айналасында жаяу жүргіншілерге арналған баспалдақтар орнату, оңтүстік беткейде, Есентай өзенінің оң жағалауы бойымен көркейту жұмыстарын жүргізу, іргелес аумақты жақсарту мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болуы үшін оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөлігінде екі жедел саты орнату көзделген.
Инженерлік жүйелерді жаңғырту: тоңазытқыш жабдықтары мен мұз жабынын суыту жүйесін жаңарту, құбыр желілерін толық ауыстыра отырып, технологиялық тақтаны жаңарту, жылыту жүйесін газға ауыстыру, жылыту және көрермендерге арналған орындарды жылыту жүйесін жаңғырту, энергияны үнемдеуді арттыру және келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін инфрақұрылымдық элементтерді жаңарту, инженерлік жүйелер, коммуникациялар мен электр жабдықтарын толықтай ауыстыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, "Медеу" қонақ үйін толық реконструкциялау жоспарға енген.
Реконструкциялау барысында "Медеу" мұз айдынының тарихи келбеті мен мәдени мұрасын сақтау басты басымдық болып қала береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2025, 10:37 37966
2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн адам МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алды
Достарға айту
2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн қазақстандық жалпы сомасы 958,3 млрд теңгеге бес әлеуметтік тәуекел бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі - жүйе) қатысушыларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады, ол бюджет қаражаты есебінен төленеді. МӘСҚ-дан төлем медициналық-әлеуметтік сараптамада белгіленген дәрежесі 30% - дан 100% - ға дейінгі жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту кезеңінде жүзеге асырылады және ол еңбек қызметін жалғастыруға байланысты емес.
2024 жылы еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша төлемді 102 мыңнан астам адам 46,6 млрд теңге сомасына алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 60 407 теңгені құрады.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша жүйеге қатысушының асырауында болған адамдарға тағайындалады. МӘСҚ-дан төлем асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысанында оқыған жағдайында -23 жасқа дейін жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде көрсетілген төлемді асыраушысынан айырылған 67,9 мың отбасы 33,8 млрд теңге сомасына алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 26%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 64 772 теңгені құрады.
МӘСҚ-дан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүйенің қатысушысына оның жұмыстан шығарылу себебіне қарамастан тағайындалады. Тағайындаудың басты шарты - жұмыссыз ретінде тіркелу. Жүйеге қатысу өтіліне байланысты төлем 1 айдан 6 айға дейін жүзеге асырылады. Оның мөлшері жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейінгі соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және жүйеге қатысу өтіліне байланысты.
Өткен жылы аталған төлем 88,2 млрд теңге сомасына жүзеге асырылды, оны 293,6 мың адам алды, бұл 2023 жылғы алушылар санынан 31%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 81 500 теңгені құрады.
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүктілік және босану бойынша демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілікке және босануға байланысты демалыс күніне дейінгі соңғы 12 айда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты.
2024 жылы аталған біржолғы төлемді 245,7 мың болашақ ана жалпы сомасы 385,6 млрд теңгеге алды, бұл 2023 жылы төленген сомадан 11%-ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 621 299 теңгені құрады.
Бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем жүйеге қатысушыға бала туған күннен бастап тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады.
2024 жылы бұл төлем 276,8 мың адамға тағайындалды және ай сайынғы орташа төлем мөлшері 86 758 теңгені құрады. 2024 жылы барлық төлем алушылардың саны 672,6 мың адам болды, ал төлемдер 404,1 млрд теңгеге жасалды, бұның өзі 2023 жылғы сомадан 1,4 есе көп.
Осылайша, жұмыс істемейтін адамдарға қарағанда, жұмыс істейтін азаматтарды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу арқылы әлеуметтік қорғау әлдеқайда жоғары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2025, 16:58 108951
"Қазақстан халқына" Қоғамдық қорын Лаззат Чинкисбаева басқарады
Достарға айту
Қазақстан халқына" Қоғамдық қорын үш жыл бойы басқарған Болат Жәмішев қызметінен кетті. Ол бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын. Басқарма Төрағасы болып сайланған өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Болат Жәмішев Қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметінен.
Басшылық жасаған кезінде Болат Жәмішев Қордың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Қор 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасына бастамашы болып, оның 62-сін іске асырды. 29 қаңтарда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қор Басқармасының мүшелерінің қатысуымен өткен брифингте "Қазақстан халқына" қорының жұмыс нәтижелері туралы баяндады.
Қордың қайырымдылық жобалары денсаулық сақтау жүйесін дамытудың, ауылдағы білім беру мен елдегі әлеуметтік қолдаудың, жаңа стандарттарды белгілеудің және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын түбегейлі өзгертудің драйверіне айналды.
Қор мен оның серіктестерінің қолдауымен аудандық және облыстық оңалту орталықтарын дамытуды, шағын жинақты мектептерде жаңа білім беру технологияларын қолдануды қоса алғанда, ауылдық жерлердегі тірек мектептер желісін құру, робототехника кабинеттерін дамыту, аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер үшін білім гранттарын іске қосу, инновациялық таргетті препараттар мен заманауи медициналық жабдықтарды сатып алу сияқты маңызды бастамалар жүзеге асырылды. Шалғай елді мекендерде спортпен шұғылдану үшін Қордың қолдауымен ауыл жастарына арналған 100 спорт залы ашылды. Батыс Қазақстан облысында 25 ауылдық кітапхана жаңартылып, ауылдық комьюнити орталықтарына айналуда.
Қор Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында су тасқынынан зардап шеккен 627 отбасы үшін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз етті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, "Қазақстан халқына" Қорының жұмысын жоғары бағалады. Мемлекет басшысы Қордың азаматтарды әлеуметтік қолдауға және қоғамның әл-ауқатын арттыруға қосқан қомақты үлесін атап өтіп, бұл бағыттағы қызметті жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.
Қорда жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілікті іс болды. Қор қызметінде біздің бастамаларымызды қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Біз бірігіп айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік және Қордың жаңа басшылықпен өз дамуын жалғастыра беретініне сенімім мол. Барлық серіктестерге, донорларға және қызметкерлерге ортақ игі ісімізге қосқан үлесі үшін алғыс айтамын", - деп, Болат Жәмішев өз шешіміне түсінік берді.
Қазақстан халқына" Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап "Қазақстан халқына" ҚҚ Басқарма төрайымы лауазымына қоғам қайраткері, қайырымдылық және Қазақстандағы ҮЕҰ-ның институционалдық дамуы мен әлеуметтік жобаларды басқару саласындағы сарапшы Лаззат Шыңғысбаева сайланды. Ол бұған дейін "Қазақстан халқына" қоры Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, мемлекеттік награда - "Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Атамекен" ҰКП құрметті қызметкері" медалімен марапатталған.
Сондай-ақ, Қамқоршылық кеңес қор қызметкерлері София Айсағалиеваны Басқарма төрағасының орынбасары, Серікбек Елшібековті "Қазақстан халқына" ҚҚ Басқарма мүшесі етіп сайлады.
Басшылықтың ауысқанына қарамастан, Қор жұмысын қалыпты тәртіпте жалғастырады. Қордың Қамқоршылық кеңесінің пікірінше, басшылықтың ауысуы - бұл жаңа тарау, ол қайырымдылық қызметті дамыту үшін қосымша мүмкіндіктерді ашады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.02.2025, 12:51Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 27,5 мың адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді 04.02.2025, 13:01 6751Салмақты өлшеу жүйелері, электронды таблолар және жаңа жолдардың құрылысы: Бектенов Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді04.02.2025, 13:04 6466Мүгедектікті белгілеу бойынша 8,5 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды04.02.2025, 13:10 6071Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады04.02.2025, 13:31 5161Алматы тау кластерін дамыту мәселелеріне арналған кездесу өтті
30.01.2025, 18:56 119076Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады31.01.2025, 11:27 112891Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады31.01.2025, 11:41 112086"Игі істі бөліс" республикалық флешмобы басталды31.01.2025, 12:42 111646Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды30.01.2025, 17:52 111021Әсет Нүсіпов ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды
24.01.2025, 16:38 132816Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 130096Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 129776Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 127086Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда09.01.2025, 17:13 1222162024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді