14.06.2023, 10:09 52306

Сәрсенбі күнгі Қазақстандағы ауа райы болжамы

Сәрсенбі күнгі Қазақстандағы ауа райы болжамы
Бүгін қауіпті метеорологиялық құбылыстар болады деген болжам жасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Жоғары қысымды өрістің әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыста, солтүстік-шығыста, шығыста, қиыр батыста, күндіз ел орталығында фронтальды бөлімдердердің өтуімен найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында шаңды дауыл, солтүстігінде тұман сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан облысвның шөлді аудандарында қатты ыстық күтілуде.


Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар", - деп жазды ведомство.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны