06.12.2023, 17:26 20521

"Саламатты Қазақстан" жобасы аясында 90 000-ға жуық тұрғынға тегін медициналық көмек көрсетілді

Аталмыш жобаға "Самұрық-Қазына" Қоры 590 миллион теңге қаржы бөлген болатын

Саламатты Қазақстан" жобасы аясында 90 000-ға жуық тұрғынға тегін медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Самұрық-Қазынаның баспасөз қызметінен.


Медициналық пойыз 8 айдың ішінде 17 облыстағы 121 шалғай станцияны қамтыды. Пойыз 18 мың шақырымға жуық жол жүріп, 88 994 қазақстандықтың денсаулығын жақсартуға үлес қосты. 194 593 кеңес беріліп, 11 308 шағын ота жасалды.

Айта кетейік, аталмыш жобаға "Самұрық-Қазына" Қоры 590 миллион теңге қаржы бөлген болатын.

Ақпарат үшін: Жоба алғаш рет 2010 жылы іске қосылды. Содан бері консультативтік-диагностикалық пойыз Қазақстанның 2 мыңға жуық шалғай елді мекендерін аралап, 650 мыңнан астам тұрғын мамандардың қызметін алған. 3,5 миллионнан астам диагностикалық процедуралар мен 26 мыңнан астам шағын амбулаториялық операциялар жасалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны