12.09.2023, 17:50 24981

"Самұрық-Қазына" еліміздегі мамандандырылған мекемелерге спорттық құрал-жабдықтарды табыстауда

Жабдықтарды Астана қаласы және Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарындағы мамандандырылған мекемелерге тапсырылмақ
"Самұрық-Қазына" еліміздегі мамандандырылған мекемелерге спорттық құрал-жабдықтарды табыстауда
Сурет: @samrukazynaofficial

Самұрық-Қазына" АҚ еліміздегі 15 мамандандырылған мекемеге спорттық құрал-жабдықтарды табыстай бастады, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметінен.


Бұл шара "Самұрық-Қазына" Қорының 15 жылдығына орай өткізіліп жатыр. Көмек беріліп жатқан 15 мамандандырылған мекеме еліміздің 5 өңірінде орналасқан. Жобаның құны 16 млн теңгені құрайды.

Спорттық құрал-жабдықтардың алғашқысы Атырау облысындағы зерде дамуында бұзылыстары бар №2 және тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық арнайы мектеп-интернаттарына берілді.

Енді Қор компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - "Samruk-Kazyna Trust" қорының - қаржылай қолдауының арқасында 2 мыңнан астам ерекше білім беру қажеттіліктері бар халықтың осал топтарынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, өмірлік қиын жағдайға тап болған, ақыл-ойы, сөйлеуі, есту қабілеті бұзылған және психикалық дамуы тежелген мектеп-интернаттардың оқушылары жаңа спорттық құрал-жабдықтармен шынығатын болады.

Осы айдың соңына дейін мұндай жабдықтарды Астана қаласы және Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарындағы мамандандырылған мекемелерге тапсырылмақ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны