25.12.2023, 21:13 17356

"Самұрық-Қазына" Қоры көпбалалы аналардың бизнес бастауына гранттар берді

Қатысушылардың бірі кәсіптерін кеңейтсе, енді бірі кондитерлік және тігін цехтарын, сұлулық салондарын ашты

Самұрық-Қазына" Қоры көпбалалы аналардың бизнес бастауына гранттар берді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметінен.


Степногорск қаласының 15 тұрғыны "Табысты отбасы" жобасы арқылы "SMM", "Жартылай фабрикаттарды әзірлеу", "Сұлулық индустриясы" сынды нарықта сұранысы жоғары маман иесі атанды. Қажетті құрал-жабдықтар алуға 500 мың теңге көлемінде грант табысталып, бизнес бастауға мүмкіндік берілді.

Самұрық-Қазына" АҚ қолдауымен жүзеге асырылатын жоба көпбалалы аналарға, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшелеріне, аз қамтылған отбасыларға және жастарға арналған. Бұған дейін Ұлытау, Жетісу, Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарында 300 тұрғын оқудан өтті.


Қатысушылардың бірі кәсіптерін кеңейтсе, енді бірі кондитерлік және тігін цехтарын, сұлулық салондарын ашты.

Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - "Samruk-Kazyna Trust" қоры Ақмола облысында соңғы жылдары 1,8 млрд теңгеден астам қаржыға 21 әлеуметтік жоба жүзеге асырды.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны