14.10.2023, 23:42 65946

Шалқардағы 320 орындық мектеп биылғы желтоқсанда пайдалануға беріледі

 Шалқардағы 320 орындық мектеп биылғы желтоқсанда пайдалануға беріледі
Сурет: gov.kz
Шалқардағы 320 орындық мектеп биылғы желтоқсанда пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Нысан 2019 жылдың соңында пайдалануға берілуі керек еді. Алайда, мердігер ұйым өзін банкрот деп жариялауына байланысты құрылысқа қатысты шарт бұзылды. Былтыр нысанның жобалау-сметалық құжаттамасына, оның ішінде құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты түзетулер енгізілген. Түзетуден кейін объектінің жалпы сметалық құны 1,3 млрд теңгені құрады. Қазіргі уақытта нысан 95%-ға дайын.
 
Мектеп 2023 жылдың желтоқсанында халық игілігіне беріледі.
 
Мердігер компанияның есебін тыңдаған облыс басшысы құрылыстың қалған 5%-ын сапалы жасауды, нысанды уақытында уәкілетті орган иелегіне тапсыруды міндеттеді.
 
Жаңа білім ордасында №5 мектеп-лицейдің оқушылары оқиды. Директор Әлия Әбіғапарованың сөзінше, оқушылар тезірек жаңа ғимараттың пайдалануға берілгенін күтіп жүр. Өйткені, 320 орындық мектепте барлық жағдай жасалады. Бастысы спорт залы, футбол алаңы бар.  


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны