11.10.2023, 13:09 71391

Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен 8 жасар бала табылды

Бала аман-есен ата-әжесіне тапсырылды
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен 8 жасар бала табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның "102" арнасына қарт кісі көмек сұрап хабарласты. Ол өзінің 8 жастағы немересі түскі сағат 13:00 шамасында үйінен ойнауға шығып, із-түссіз жоғалып кеткенін жеткізді. Әжесі мен атасы 3 сағат бойы өздігінше іздеп, нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Жоғалған баланы жедел-іздестіру шараларына патрульдік полиция полкінің жеке құрамы жұмылдырылып, қала аумағындағы тәртіп сақшыларына шұғыл бағыттама берілді. Өз бетінше іздеуге кеткен уақыт пен баланың өміріне төнуі мүмкін қауіп-қатердің барлығы ескерілді. Жарты сағатқа жуық тоқтаусыз жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде бүлдіршін 4 шақырым қашықтықта адасып жүрген жерінен табылды.

Бала аман-есен ата-әжесіне тапсырылды.  
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны