12.08.2021, 18:30 28434

Әскери полиция қызметі азаматтармен тікелей байланыс үшін сайтты іске қосты

Пайдаланушылар әскери полиция органдарына жасалған немесе жасауға әрекеттеніп жатқан кез келген құқық бұзушылық туралы тікелей хабарламаларды жолдай алады.
НҰР-СҰЛТАН. 12 ТАМЫЗ - Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы азаматтардан армиядағы құқық бұзушылықтар туралы ақпарат қабылдау үшін мобильді қосымшасы бар askeri-senim.kz сайтын әзірледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Пайдаланушылар әскери полиция органдарына электрондық форматта орны мен уақытына, тергеу жүргізілуіне, сондай-ақ хабарланатын мәліметтердің толықтығына қарамастан, жасалған немесе жасауға әрекеттеніп жатқан кез келген құқық бұзушылық туралы тікелей хабарламаларды жолдай алады. Сайтта мобильді қосымша барлық Android және IOS құрылғыларына орнатылып, қоса жұмыс істейді. Қосымшаны askeri-senim.kz сайтынан жүктеп алуға болады", - деп хабарлады Әскери полицияның бас басқармасы.

 
Әскери полиция бас басқармасы мәлімдегендей "Әскери сенім" жобасы армиядағы құқық бұзушылық, хабарламаларды қабылдау, есепке алу және бақылау процесін автоматтандыру, құқық бұзушылықты жасау фактілеріне ден қою сапасы мен жеделдігін арттыру және олардан сақтандыру туралы жаңа ақпарат көздерін енгізу мақсатында әзірленді.
 

Пайдаланушы жеке кабинетте тағайындалған жауапты лауазымды адаммен жасырын хат алмасу, статусы мен жауаптарды қадағалай алады. Өтініш статусының өзгергені, жауапты лауазымды адамның тағайындалғаны және оның жауаптары туралы өзекті деректер электрондық поштаға келіп түседі. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін жеке кабинетте диалогтарды іздеуге және реттеуге болады", - деп толықтырды Әскери полицияның бас басқармасы.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны