08.12.2023, 17:11 52566

Степногорск қаласында жылу трассасындағы апаттан кейін үйлерді кезең-кезеңімен қосылу жұмыстары жүргізілуде

Степногорск қаласындағы жағдай тұрақталды
Степногорск қаласында жылу трассасындағы апаттан кейін үйлерді кезең-кезеңімен қосылу жұмыстары жүргізілуде
Сурет: Depositphotos
Степногорск қаласындағы жағдай тұрақталды, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жылу трассасындағы үзіліс жөнделді. Үйлерді кезең-кезеңімен қосылу жұмыстары жүргізілуде.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов апат салдарынан жылу өшіп қалған 6-шағын аудандағы No17 үйдің әлеуметтік нысандары мен тұрғындарын аралады.

Осы үйде тұратын Валентина Гребенюк аймақ басшысына құбырдағы жарылуын жедел жою және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудегі үйлесімді жұмысы үшін алғысын білдірді.

Құбырды жөндеуге қаланың барлық коммуналдық қызметі, 30 адам мен 6 техника жұмылдырылды. Жұмысшылардың ауысымдық бригадасы ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 8.10-да Славский және Целиноградская көше қиылысындағы жылу магистралі жөнделді.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны