Түлектердің грантқа түсуге екі талпынысы болады
Сурет: depositphotos
Атап айтқанда, министр Instagram желісінде грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру мүмкіндігін беру туралы өтініш жазылған мыңдаған "белгілерді" көретінін атап өтті.
Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар", - деп жазды білім министрі.
Аймағамбетовтың бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сенімі мол. Сонымен қатар, оқушылардың енді грант алу мүмкіндіктері көбірек.
Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті", - деді БҒМ басшысы.
Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.
Асхат Аймағамбетов түлектерге болашақ мамандықты таңдау бойынша кеңес берді.
Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын", - деп жазды министр.
Оның айтуынша, қазір мұғалім мамандығы тұрақтылықтың кепіліне айналды.
Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады", - деп жазды БҒМ басшысы.
Асхат Аймағамбетов басым бағыттар қатарында инженер және ғалым мамандығын атады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.