20.09.2023, 17:20 48521

Талғар аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері соққыға жығылды

Қайтыс болған науқастың ұлдары реаниматолог пен медбикені қатты соққыға жыққан
Бір күн бұрын, 19 қыркүйекте Талғар аудандық орталық ауруханасында реаниматолог пен медицина қызметкері аяусыз соққыға жығылды. Күдіктілер қазірдің өзінде ұсталды. Дегенмен қазнетте аурухана маңында түсірілген жаңа видео пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марқұмның денесі ұрланған сәт түсірілген видео Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасында жарияланған.

Марқұмның денесін ауруханадан шығаруға көмектескен адам видеода "Тірі адамды өлтірдің!" - деп бар күшімен айқайлағаны байқалады.

19 қыркүйекте Алматы облысында дәрігерлерге шабуыл болды: Талғар орталық аудандық ауруханасында қайтыс болған науқастың ұлдары реаниматолог пен медбикені қатты соққыға жыққан, олар ауыр жарақат алған. Олардың жағдайы ауыр деп бағалануда. Шабуылдан кейін ұлдары әкесінің денесін ұрлап кеткен, бірақ полиция оны қайтаруға көмектескен.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Талғар орталық аудандық ауруханасында дәрігер-реаниматолог пен медбикенің аяусыз соққыға жығылуын жантүршігерлік оқиға деп атап, кінәлілерді жазалау керектігін де мәлімдеді.

Қыркүйектің 20-сы күні полицейлер Талғар орталық аудандық ауруханасында дәрігер мен медбикені аяусыз ұрды деген күдікпен екі ер адамды ұстады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны