10.07.2023, 11:36 22781

ЖЭС №1 энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқталды

ЖЭС №1 энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқталды
Сурет: maek.kz

МАЭК" ЖШС ЖЭС №1 энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды "МАЭК" ЖШС баспасөз қызметінен.


9 шілдеде таңғы сағат 04.11-де блок жұмысқа қосылды, ал түстен кейін сағат 15.25-те оның қуаты 150 МВт-қа дейін жеткізілді. Қазіргі уақытта комбинаттың жалпы генерациясы 565 мвт құрайды. "МАЭК" ЖШС Атырау өңіріне 36 МВт қуат бере отырып, Маңғыстау облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде", деп айтылған хабарламада.


Айта кету керек, Ақтау қаласы мен облыстың елді мекендерінің тұрмыстық тұтынушыларын энергия ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша шектеулер жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 3 шілдеде "МАЭК" ЖШС ЖЭС-те қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт артуына байланысты №1 энергоблоктың мәжбүрлі тоқтауы орын алған болатын. Жөндеу жұмыстары МАЭК қызметкерлерінің күшімен тәулік бойы жүргізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны