08.09.2023, 17:25 40006

Жетісу облысында 301 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді

Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін тағы 28 нысанды бейімдеу жоспарлануда
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Жетісу облысында 382 әлеуметтік инфрақұрылым нысан бейімделді, оның ішінде 301 нысан ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай сәйкестендірілді, деп хабарлайды Gov.kz.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, "Аманат" партиясының Жол картасы және және 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген "Кедергісіз келешек" жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында ел аумағында бейімделуі тиіс 22 мың басым нысан анықталды. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын осындай талапқа 4400 нысан сай келуі қажет. Ал биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 10 444 нысан бейімделді.

Жетісу облысында 5 жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1125 нысанды бейімдеу көзделген. Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдар аралығында бейімделуге жоспарланған 410 нысанның 382-сінде жергілікті атқарушы органдар бейімдеу шараларын жүргізді.

Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі - Департамент) жүргізген бақылаудан кейінгі тексерулер барысында жоғарыда аталған нысандардың 301-інің толық бейімделгені расталды.

Мәселен, қалада мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына қол жетімді:

- мемлекеттік мекемелер - 20 (әкімдіктер - 10, облыстық басқармалар - 6, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері - 4);

- денсаулық сақтау нысандары - 55 (емханалар - 5, ауруханалар - 13, дәрігерлік амбулаториялар - 23, фельдшерлік-акушерлік пункттер - 4, медициналық пункттер - 6, медициналық орталықтар - 4);

- білім беру нысандары - 162 (мектептер - 136, балабақшалар - 25, колледж - 1);

- мәдениет нысандары - 40 (мәдениет үйлері - 31, мұражайлар - 4, кітапханалар - 4, өнер орталығы - 1);

- әлеуметтік инфрақұрылымның өзге де нысандары - 17 (әлеуметтік оңалту орталықтары - 15, қоғамдық келісім орталығы - 1, орман шаруашылығы - 1);

81 нысан ішінара бейімделген деп танылды, олар бойынша 277 бұзушылық анықталды: есту қабілеті бұзылған адамдар үшін - 33; көру қабілеті бұзылған адамдар үшін - 53; тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін - 92, кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін - 99.

Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін тағы 28 нысанды бейімдеу жоспарлануда.

Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Департаментпен мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т.б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 27 тексеру жүргізілді. Оның ішінде: 12 - жоспардан тыс тексерулер және 15-профилактикалық бақылау шеңберінде.

Тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 27 ұйғарым беріліп, 2,4 млн теңгеге 12 әкімшілік айыппұл салынды.

Нысандардың меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны