13.03.2020, 20:28 50317

Футболдан ел чемпионаттарына көрермендер қатыстырылмайды

Ақтауда өтетін "Каспий" - "Астана" футбол клубтары арасындағы чемпионатқа жанкүйерлер қатыстырылмайды.

Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Футболдан ел чемпионаттарына көрермендер қатыстырылмайды.

Ақтауда өтетін "Каспий" - "Астана" футбол клубтары арасындағы чемпионатқа жанкүйерлер қатыстырылмайды. Бұл туралы "Қоғамдық коммуникация Орталығында" өткен коронавирус инфекциясыының алдын алуға арналған шаралар туралы брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев мәлім етті.

-"15-наурызда Ақтау қаласында өтетін "Каспий"- "Астана" футбол клубтары арасындағы чемпионат өткізіледі. Алайда, көрермендер қатыстырылмайды. Бұл коронавирусқа қарсы сақтық шараларын күшейту үшін. Ал, осы індетке қарсы 1 ,2,3 категориялары енгізілген елдерде болған футболшылар қатаң түрде тексеруден өткізілмек", - деді Қ.Жұмашев.

Облыс әкімінің айтуынша, футболдан ел чемпионатына қатысты мұндай шектеулер барлық облыстарда енгізілген. Себебі, мұндай чемпионаттарға халық көп шоғырланады.

Ал, Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбек Қарабалаевтың берген мәліметіне сүйенсек, аймақтағы жаттығу залдары мен фитнес-орталықтар әдеттегідей жұмыстарын жалғастыра беретін болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны