24.01.2023, 10:26 35781

Алматы спорт колледжі жанындағы мектеп-интернат ата-аналарының өтініштерінен кейін өз жұмысын қайта бастайды

2022 жылы аталған оқу орны жабылып, дарынды оқушылар, жаттықтырушылар мен ұстаздар басқа білім беру ұйымдарына жіберілген еді
Алматы спорт колледжі жанындағы мектеп-интернат ата-аналарының өтініштерінен кейін өз жұмысын қайта бастайды
Астана. 24 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының жаңа мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Алматыдағы "Республикалық спорт колледжі" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жанындағы мектеп-интернаттың жұмысы қайта жанданғанын хабарлады.

Оралов Алматыдағы "Республикалық спорт колледжі" жанындағы мектеп-интернаттың жұмысын қайта жандандыруға қатысты ата-аналар мен ұстаздар тарапынан өтініштер Министрлікке келіп түскен түйткілді мәселелердің бірі екенін айтты.

Министр 2022 жылы аталған оқу орны жабылып, дарынды оқушылар, жаттықтырушылар мен ұстаздар басқа білім беру ұйымдарына жіберілгенін еске салды.

Мәселені бірден тікелей өз бақылауыма алдым. Аталған оқу орнынын түлектері - Дәулет Тұрлыханов, Ольга Шишигина, Ислам Байрамуков сияқты белгілі спортшыларымыз. Сондықтан да бұл мектептің базасы мен мықты оқытушылары әлі де көптеген талантты спортшыларды даярлайтыны сөзсіз. Сол себепті мектепті жабу туралы шешім қайта қарастырылды", - деп жазды Оралов Facebook-те.


Спорт министрлігі басшысының айтуынша, Министрлік лицензияны қайтару бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Бүгінде білім ордасы оқуға құжаттар қабылдауды бастап кетті.

Мектепке жүздеген бала қабылданып, ондаған кәсіби оқытушы мен жаттықтырушы жұмыспен қамтылады. Интернаттың дайындық жұмыстарын көріп, оқу кабинеттерінің жабдықталуын, кітаптармен қамтылуын, жатақханадағы орындардың жай-күйімен танысу үшін арнайы бардым. Сонымен бірге, мұғалімдердің тізімі, сабақ кестесі мен күн тәртібі бекітілді. Бүгінде Мемлекет басшысы балалар спортын дамытуға айрықша назар аударып отыр. Біздің министрлік үшін де балалар мүддесі - бірінші орында", - деп сендірді министр.


Еске салайық, 2022 жылдың көктемінде студенттердің ата-аналары Алматыдағы спорт колледжінің қайта құрылуына қарсылық білдірген болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны