29.08.2021, 21:30 116781

Қазақстан Токиодағы Паралимпиадада төртінші медальді жеңіп алды

ТОКИО. 29 ТАМЫЗ - Қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина Паралимпиада ойындарының күміс медалін иеленді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
 
Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан дзюдошылары кезекті жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz
 
Әйелдер арасында 70 келіден жоғары салмақта сынға түскен Зарина Байбатина Паралимпиаданың күміс медалін иеленді. Финалда ол әзірбайжандық Дурсадаф Каримовадан ұтылды. 
 
Токио татамиінде Зарина Моңғолия және Италия балуандарын жеңген болатын. 
 
Айта кетелік, бұл Заринаның алғашқы Паралимпиадасы. 
 
Осылайша, ҚР құрамасының арсеналында қазіргі уақытта үш күміс медаль және бір алтын медаль бар.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны