14.04.2023, 08:39 34671

Қазақстандық еркін күрес балуандары Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Чемпионат Астанада өтіп жатыр
Астана. 14 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстандықтар еркін күрестен Астанадағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Өз финалдарын Санжар Досжан (70 келіге дейін) және Болат Сақаев (79 келіге дейін) жеңіп алды.

Сондай-ақ, бірінші күннің қорытындысы бойынша команданың активінде қола медаль бар. Үшіншісі спортшымыз 57 келіге дейінгі санаттағы Рахат Қалжан болды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлағандай, еркін күрестен 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Болат Сақаев өзбекстандық Бекзод Абдурахмоновты ұтып, Азия чемпионы атанды. Есеп 7:4.

Айта кетейік, Сақаевтың қарсыласы Токио Олимпиадасында қола жүлде (74 кг) жеңіп алған тəжірибелі палуан.

Бұл біздің құраманың Астанада өтіп жатқан құрлық бəсекесіндегі 5 - алтын жүлдесі. Бұған дейін Санжар Досжанов, Жәмилə Бақбергенова, Эльмира Сыздықова мен Ибрагим Магомадов алтын медаль жеңіп алған.

Бұған дейін хабарланғандай, әйелдер арасындағы жарыста 72 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Жәмилә Бақбергенова жапондық Сумира Ниикураны жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны