31.03.2023, 10:16 42481
Рыбакина Miami Open финалына өтті
Сурет: ktf.kz
Достарға айту
Қазақстандық спортшы жеңіс сериясын 13 матчқа дейін ұзартты
Астана. 31 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуланы жеңіп, Майами WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Бірінші сетте Елена Рыбакина тай-брейкте қарсыласынан басым түскен еді.
Жаңбырға байланысты үзілістен кейін матч қайта жалғасты.
Екінші сетте Пегула брейк жасап, 3:1 есебімен алға кетті. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты - 5:4. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ - 6:4.
Бір сағат 52 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 11 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.
Рыбакина финалда бас жүлде үшін әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 74-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, Елена бір жарым апта бұрын Индиан-Уэллсте өткен турнирде жеңіске жеткен болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.02.2025, 10:35 15456
ҚР Туризм және спорт министрлігі Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді
Достарға айту
ҚР Туризм және спорт министрлігі Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатура қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері К. Ахметов атындағы Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің директоры Айбол Құлбаевтың кандидатурасына келісім берді.
Кандидаттың спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңірдегі спортты дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды.
Кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін жүзеге асырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.02.2025, 14:59 18556
Қазақстандық тректегі велоспорттан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды
https://olympic.kz/kk/article/32913-kirill-kurdidi-zavoeval-bronzovuyu-medal-chempionata-azii-po-velosportu-na-treke
Достарға айту
Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының спортшысы Кирилл Курдиди Малайзияда өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметінен.
Спортшы гит сайысында қола медаль жеңіп алды. Ол 1000 метр қашықтықты 1 минут 0,666 секундта жүріп өтті. Жарыста жапондық Рюто Итида жеңіске жетсе, күміс жүлдені қытайлық Ци Лю иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында командалық жарыста үшінші орын алған еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2025, 12:37 20666
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Польшада өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Достарға айту
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметінен.
Спортшы 500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетті. Оның мәреге жеткен уақыты - 34,52 секунд.
Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді - 34,70 секунд. Қола медаль польшалық Марек Канияға бұйырды - 34,76 секунд.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.02.2025, 15:20 88231
Астаналық спортшы тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Достарға айту
Таиландтың Пхитсанулок қаласында тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Астаналық спортшы турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Елордалық спортшы Дмитрий Груздев элиталық санаттағы уақыт бойынша жекелей жарыста сынға түсті.
Осыған дейін Дмитрий Груздев ұлттық құрама сапында "элита" санатындағы аралас эстафетада (42,8 км) алтын медаль жеңіп алған болатын.
Азия чемпионатына 27 елден велошабандоздар қатысуда. Байрақты бәсеке 16 ақпанда аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.02.2025, 14:59 88551
Қазақстандық шаңғышылар 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Достарға айту
Қазақстандық шаңғышылар Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Қазақстан ҰОК баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Ерлер құрамасы 4х7,5 шақырымдық эстафетада үшінші нәтиже көрсетті. Ел қоржынына бұл медальді Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин және Владислав Ковалев салды.
Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, күміс жүлде Жапония спортшыларына бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасы эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.02.2025, 15:11 95036
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың жартылай финалына шықты
Достарға айту
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсті.
Олег Болякин шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз 24 шайба тоғытты.
Есеп: 24-0. Бұл осы ойындардағы ең ірі есеп.
Енді жартылай финалда біздің хоккейшілер Оңтүстік Корея/Қырғызстан арасындағы жеңімпазбен ойнайды.
Еске сала кетейік, Қазақстан топтық кезеңде Қытай, Жапония, Қытайдың Тайпей және Оңтүстік Корея командасын ұтып, ұпайдан шашау шығармаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.02.2025, 10:36 95391
Владислав Киреев - Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы атанды
Достарға айту
Владислав Киреев - Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды.
Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль.
Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 11:19 100596
Олжас Климин Харбиндегі Азиаданың қола жүлдегері атанды
Достарға айту
Олжас Климин - Харбиндегі Азиаданың қола жүлдегері, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Санаулы сəттер бұрын IX қысқы Азия ойындарында ерлер арасында 10 шақырымға еркін стильде шаңғы жарысынан бәсеке аяқталды.
Ұлттық құрама спортшысы Олжас Климин 21 минут, 20,3 секундта мәреге жетіп, үздік үштікті түйіндеді. Алтын мен күміс Жапония өкілдерінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
07.03.2025, 16:20Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда 06.03.2025, 17:04 130156Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді06.03.2025, 17:02 130121Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді07.03.2025, 16:15 116391Жалпы құны 918,3 млрд теңгені құрайтын 392 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысаны бәсекелестік ортаға берілді07.03.2025, 09:29 106386Әйелдер Skills Enbek платформасында кәсіби онлайн-оқытудан белсенді өтуде - Еңбек министрлігі
13.02.2025, 08:03 270031ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 261146Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 207736Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді10.02.2025, 10:34 176236"Zhastarmen" жобасы есірткіге қарсы күресті белсенді жүргізуде17.02.2025, 14:04 169236Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді