06.08.2021, 18:48 17345

Токио-2020: 6 тамызға арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

Қазақстандық спортшылар 6 тамызда Токио Олимпиадасында спорттың жеті түрінен бақ сынайды.
ТОКИО. 6 ТАМЫЗ - Қазақстандық спортшылар 6 тамызда Токио Олимпиадасында спорттың жеті түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Olympic.kz кезекті жарыс күнінде ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін ұсынады. #teamKZ 6 тамыз күні спорттың жеті түрінен бақ сынайды:
 
Байдарка мен канаоэде есу. Іріктеу. Ерлер мен әйелдер. Маргарита Торлопова, Светлана Усова (екеулік каноэде 500 м есу). Сергей Емельянов (Ерлер. Біреулік каноэде 1000 м есу). Басталуы: 6:52, 6:37
 
Көркем гимнастика. Алина Әділханова. Басталуы: 07:20 (Іріктеу), 11:50 Квалификация.
 
Еркін күрес. 1/8 финал. Дәулет Ниязбеков (65 кг), Әлішер Ерғали (97 кг), Данияр Қайсанов (74 кг). Басталуы: 8:30 (Іріктеу кезеңі), 16:30 (Қола үшін күрес. Ерлер. 74 кг)
 
Әйелдер күресі. 1/8 финал. Валентина Исламова (до 50 кг). Басталуы: 8:30
 
Қазіргі бессайыс. Елена Потапенко. Басталуы: 11:54.
 
Жеңіл атлетика. Спорттық жүріс. 20 км. Әйелдер. Айман Ратова. Басталуы: 13:30
 
Карате. Ерлер. Нұрқанат Ажықанов (75 кг). Басталуы: 14:00
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Олимпиада

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны