20.04.2021, 21:02 6950

ҚР-да жол құрылысы саласындағы бақылауды әлсіреткені үшін бірқатар шенеуніктер жұмыстан шығарылды

НҰР-СҰЛТАН. 20 СӘУІР - ҚР-да жол құрылысы мен жөндеу саласындағы бақылауды әлсіреткені үшін бірқатар шенеунік қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеуін ретке келтіру жұмыстары жалғасуда. Осы саладағы бақылаудың әлсірегені үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т. Шакимов, И. Турков және Н. Қалауов қызметінен босатылды", - деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

 
Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалу фактілерінің алдын алуға, жол-құрылыс саласындағы қолайсыз жағдайды түзетуге бағытталған шаралар қабылдауда, деп атап өтті ол.
 
Тоқаев қазақстандық жолдардың сапасын сынға алды: мердігерлерге 1 маусымға дейін ақауларды жою тапсырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны